LRT-дегі жолақы құны шамамен 200 теңгедей болады
Фото: gov.kz
Осы күзде Астанада LRT-ны сынап, іске қосып көргелі жатыр. Жолақы құны шамамен 200 теңгедей болмақ, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек «Сарайшық» ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
«LRT-дегі жолақы құны 100 теңгеден 200 теңгеге дейін болады деп жобалап отырмыз. Әзірге осындай межеде қала береді», – деді әкім.
LRT бекеттерінің негізгі темірбетон құрылғылары 100% дайын. Бұған дейін елорда әкімдігі 2025 жылы нысан толығымен аяқталатынын, сондай-ақ қасбеттерді орнату, жер үсті өткелдерін салу, бекеттердің ішін әрлеу және іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстарының да аяқталатынын мәлімдеген. LRT желісінде 18 бекет бар. Оның 11-і жер үстінде, ал жетеуі жер астында орналасқан.
Еске салайық, бұған дейін Қытайда жасалып жатқан LRT вагондары қандай болатыны айтылған еді. Сонымен қатар Интерпол LRT құрылысындағы жемқорлық бойынша күдіктілердің бірін іздеп тапты. Осы қылмыстық іс бойынша Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке халықаралық іздеу жарияланған еді.
Былтыр қыркүйек айында LRT құрылысында асылып, көз жұмған ер адамның мәйіті табылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық