Шерзат Полаттың жылдық асы өтті: Талғарда Шерзаттың атына көше берілуі мүмкін
Коллаж: Orda.kz
Талғарда 2024 жылы кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың жылдық асы берілді. Болашақта Талғарда Шерзат атымен көше аталуы мүмкін деп хабарлайды, Orda.kz.
Елімізде кеңінен резонанс алып, көпшілікті бей-жай қалдырмаған Шерзат Полаттың қазасына да көзді ашып-жұмғанша бір жыл өте шықты. Аста марқұм Шерзаттың ет жақын туыстары мен осы іс бойынша Талдықорғанда Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың құқығын қорғаған заңгерлер де келді.
Имам марқұмға құран бағыштап болған соң дастархан басында заңгер Мейірман Шекеев сөз алды. Заңгер оқиға болған Менделеев немесе Шота Руставели көшелерінің бірін Шерзат Полаттың атымен атауды Талғар әкімдігіне ұсынғанын айтты.
«Шерзат ақын не жазушы емес, дегенмен де біздің қоғамды оятып кеткен бірден бір тұлға деп атауға болады. Сондықтан Талғар әкіміне Менделеев немесе Шота Руставели көшелерінің бірін Шерзаттың атымен атауды ұсындым. Енді ары қарай тілек-дұғада болайық, сол көшенің аты Шерзаттың атымен аталса, ол ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын», — деді Шекеев.
Еске сала кетейік, 2024 жылы 4-қазанда бір топ жігіттің қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің соты екі ай бойы Талдықорғанда өтті. Ұсталған 9 күдіктіге 1,5 жылдан бастап 23 жыл аралығында бас бостандығынан айыру үкімі шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық