Қызылордада 20 жыл құлдықта болғанын айтқан отағасы сөзінен бас тартты
Фото: видеодан кадр
Бірер күн бұрын Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақсуат ауылының тұтастай бір отбасы сол жердегі белгілі кәсіпкерден 20 жыл бойы қорлық көріп келгенін айтқан еді. Алайда, 20 жыл құлдықта болдық деген жанұяның отағасы бүгінде бар айтқанынан бас тартып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
El.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қожагелді Жалғасбаев 24kz телеарнасына берген сұхбатында айтылғандай құлдыққа салып отбасымызбен қорлады деген кәсіпкер негізінде Жалғасбаевтың әйелінің нағашысы болып шықты.
«Осы жаққа 2004 жылы көшіп келдім. Ағайын адамбыз ғой. Құлдықта болған жоқпын. Ағайын болған соң, жай жұмсайды, көмектесеміз ғой. Ренішім жоқ. Үйімді алып беремін деп отыр, мал бермекші», - дейді сөзінен айныған Жалғасбаев.
Сонымен қатар, баламның қолын шауып тастады деген сөзінен де тайқып, қолын шөп турағыш аппараттың шайнап кеткенін айттты.
«Бұлар мал иесі деп отырған кісі бөтен емес туған нағашысы екен. Қарақалпақстанда жағдайы болмай жүрген жерлерінен алдырған. Осы жұмысты беріп, бас-көз болып отырған. Ешқандай еңбек келісімшартынсыз, құжатсыз. Момынның есебін қу табады демей ме? Әйтпесе анасының туған бауырына осыншалық жаны ашымастық көрсету үшін ол жиеннің жүрегі қандай болуы керек? Бүгін: «Нағашы мен жиен татуластық. Ағайын арасы кикілжің еді. Малшы отбасына жылдар бойы мал бақтырып келген жиені үй алып беріп, еншісін беріп бөлек шығарып жатыр», - деген ақпарат келді. Ағайын араласады. «Қол сынса - жең ішінде, бас жарылса - бөрік ішінде» деп қазақшылықтары еске түсе қалады. Осы отбасы құм арасы құладүзде бейнетке батып, есесі еленбей жүргенде қайда сол қазақшылықтарың? Енді сол алып берген үйде тұрып қатарға қосылып кетсін», - деп түйіндеді жергілікіті блогер Үйтолған Жареке.
Еске сала кетейік, бұған қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша полиция тергеп-тексеру бастаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық