Қызылқайраттағы қанды оқиға: Адам өлімі мен бала ұрлау, тергеушілердің ісі сотқа өтті
Коллаж Orda.kz
Талғар ауданы Қызылқайрат ауылындағы жаншошырлық адам өлімі мен бала ұрлау ісі бойынша әрекетсіздігі үшін тергеушілер сотқа тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл ақпаратты жәбірленуші тараптың қорғаушысы Асылбек Әбдіраимов растады. Тергеу нұсқасына сәйкес, олардың әрекетсіздігі екі жастағы қыз бен адам өліміне дейінгі ауыр қылмысқа алып келген.
«Екі тергеуші қызметтік өкілетін асыра пайдаланды және әрекетсіздік көрсеткені үшін айыпталды. Олардың істеріне қатысты тергеу аяқталып іс сотқа өтті. Ол екі тергеушінің ҚР ҚК нің 362-бап, 4-бөлік, 3-тармақ («асыра пайдалану, ауыр зардапқа әкеп соққан») және ҚР ҚК нің 370-бап, 4-бөлік, 1-тармақ («қызметтегі әрекетсіздік, ауыр зардапқа әкелген») бойынша қаралады», — деді адвокат Әбдіраимов.
Сонымен қатар, осы іс бойынша учаскелік полицияның ісі сотта қаралып жатыр. Олар әу баста келіншек күдікті тарапынан қысымға ұшырап, қыр соңынан қалмай қойған кезде арызды қабылдамай, қызметтік міндеттерін дұрыс орындамаған.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылы 6 қыркүйекте Қызылқайрат ауылында болды. Жергілікті көлік жөндеу станциясы қызметкері ауыл тұрғынын зорлап, бір ай бойы оны бопсалап, жалаңаш фотоларын жәбірленушінің әріптестеріне таратқан. Кейін ол әйелдің ағасын көшенің қақ ортасында жүрек тұсынан атып, оның екі жасар қызын ұрлап кеткен.
Оқи отырыңыз:
- Жыры бітпеген Талғар полициясы: Қызды зорлаған күдіктіні босатып жіберіп, ағасын атып өлтірді
- Талғардағы қанды оқиға: кісі өлтіру мен бала ұрлауға қатысты күдіктіге 12 бап бойынша айып тағылды
- Талғардағы қанды қылмыс: Күдіктінің анасы ұлын қылмысқа не итермелегенін айтты
- Талғардағы қанды қылмыстың құрбанын туыстары жер қойынына тапсырды
- Талғардағы қылмыс жайлы жаңа мәлімдеме: Күдіктінің анасы жәбірленушіні айыптады
Жаңалықтар
- Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
- «Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді
- Алматы құрылыс бақылау басқармасы заңсыз лицензия таратқан: қылмыстық схема әшкере болды
- БАҚ: Украина әскери қимылдарға арналған қаражат тапшылығына ұшырады
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды
- Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді
- Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатыр
- Ақтөбеде мемлекетке 672 миллион теңге шығын келтірген екі депутат пен шенеунік сотталды
- Марко Рубио: Зеленскийдің АҚШ кепілдік үшін аумақ сұрады деген сөзі жалған
- Ақмола облысында әскерден жалтаруға «қажетті диагноз» қоятын қызметкер ұсталды
- Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпекші болған қылмыстық топ құрықталды
- Түркістан облысында жоғалған сегіз жасар бала төртінші күн табылар емес
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды