Талғардағы қанды оқиға: кісі өлтіру мен бала ұрлауға қатысты күдіктіге 12 бап бойынша айып тағылды
Фото: Orda.kz
Талғар ауданы Қызылқайрат ауылындағы қанды оқиға бойынша басты күдіктіге 12 бап бойынша, соның ішінде адам өлтіру, зорлау және кәмелетке толмаған баланы қылмысқа тарту айыптары тағылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеушілер Талғар ауданы Қызылқайрат ауылындағы жаншошырлық адам өлтіру мен бала ұрлау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы марқұмдардың отбасының адвокаттары Асылбек Әбдраимов пен Жандос Палманов мәлімдеді.
«Барлық сараптамалар мен тергеу әрекеттері аяқталды. Іс материалдары тараптарға танысу үшін берілді. Басты күдікті — Е. есімді азаматқа Қылмыстық кодекстің 12 бабы бойынша айып тағылып отыр. Олардың арасында — адам өлтіру, адам ұрлау, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, заңсыз бостандықтан айыру, алаяқтық, тұрғын үйге заңсыз кіру, өлтіремін деп қорқыту, қару жасау және сақтау, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы қылмыс жасауға тарту баптары бар», — деді адвокат.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 6 қыркүйекте Қызылқайрат ауылында болды. Жергілікті көлік жөндеу станциясының қызметкері ауыл тұрғынын зорлап, бір ай бойы оны бопсалап, жалаңаш фотоларын жәбірленушінің әріптестеріне таратқан. Кейін ол әйелдің ағасын көшенің қақ ортасында жүрек тұсынан атып, оның екі жасар қызын ұрлап кеткен.
Белгілі болғандай, қанды оқиға дейін жәбірленушінің туыстары күдіктіні полицияға апарып бергенімен оны босатып жіберген екен. Артынша прокуратура Талғар аудандық полициясының қызметкерлеріне қатысты «лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық