Қызғалдақпен суретке түскен әкімнің ісі уақытша тоқтады
Фото: Instagram/ problema.aktobe
Ақтөбе облысындағы сот Жұбанов ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаеваға қатысты істі қарауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, әкімнің дала қызғалдақтарымен түскен суреті қоғамда резонанс тудырды. Сот Ләззат Бердібаеваның қолында қызғалдақтың қандай түрі болғанын анықтау қажет деп санайды. Сондықтан қызғалдаққа сараптама тағайындалды.
Судьяның айтуынша, сотқа Ләззат Бердібаеваның атына оң мінездемелер келіп түскен. Бердібаева бұрын тәртіптік жазаға тартылмағаны, өз жұмысын жақсы атқарып жүргендігі айтылды.
«Әкімшілік істі қарау кезінде сот мынадай шешімге келді. Ләззат Бердібаеваға қатысты жасалған хаттамада көрсетілген негіздерді жан-жақты және объективті зерделеу үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 757, 777, 824 және 829-баптары негізінде сот өз бастамасымен қызғалдақтың түрін анықтау үшін арнайы сараптама тағайындауды ұйғарды. Осыған байланысты әкімшілік істі қарау сараптама аяқталғанға дейін тоқтатылады», – деді судья.
Айта кетейік, сәуірде Түркістан облысы Ордабасы ауданында қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған келіншек ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық