Күзетшіні аяусыз өлтірген экс-депутаттың ұлы 22 жылға сотталды
Фото: Orda.kz
«Меркур Таун» элиталық тұрғын үй кешенінің ауласында күзетші Нұрбол Қайыпбаевты аяусыз өлтірген экс-депутаттың ұлы 22 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 2024 жылы 29 наурыз күні Алматы қаласындағы «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінің ауласында болды. Сотталушы бұрынғы депутат Саламғазы Тастандиевтің ұлы — Асқар Тастандиев.
Марқұмның туыстары 100 млн теңге көлемінде моральдық залалды талап етті. Алайда сот тек 20 млн. теңгені қанағаттандырды.
Тастандиевқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған.
- 99-бап «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру»;
- 147-бап «Жеке өмірге қол сұғу».
Екінші бапқа сәйкес, сот процесі жабық өтті. Айыпталушының соңғы сөзін айтуы алғашында белгіленген уақыттан төрт рет кейінге шегерілген.
Екі айып бойынша прокурор айыпталушыға 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Еске сала кетейік, Тастандиев көлік ішінде отырып, қақпаны жабуға тырысқан күзетшіні қағып кеткен. Кейін көліктен түсіп, жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасаған. Асқар Тастандиев шенеунік отбасынан шыққан азамат. Ол жоғарғы кеңестің XIII шақырылымының депутаты және Талдықорған облысы прокурорының аға көмекшісі болған Саламғазы Тастандиевтің ұлы.
Куәгерлердің айтуынша ол адамның осы күнге дейін де біраз ісі полиция қызметкерлерінің құлағына жеткен. Алайда ол түрлі айламен сытылып кетіп отырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық