Алматыда күзетшіні өлтірген ер адам туралы жаңа мәлімет пайда болды
Фото: Ашық дереккөзден
Алматыдағы элиталық тұрғын үйлердің бірінде күзетшіні зұлымдықпен өлтірген ер адамға байланысты тың ақпараттар пайда болды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Тұрғындардың айтуынша қылмыскер ата-анасымен бірге «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінде тұрған және ол нашақорлыққа салынған.
«Ол шу шығара бастағанда ата-анасы көмек сұрайды. Мас болған кезде оны бәрі тыныштандырады, шлагбаумнан өткізбейді. Бұл жолы ол мас күйде көлік жүргізбек болды, бірақ кезекші күзетшіміз Нұрбол оны өткізбеді. Бірақ ол бәрібір кетіп қалды. Нұрбол оның соңынан шығып, қайда кеткеніне қарады. Ол қайтып келе жатқанда, бұл көлік те қайта келді. Ол қайтып келіп, аулаға кірді. Қақпаны жауып жатқан Нұрболды ол көлікпен үш рет қақты, сосын көліктен түсіп, басына бөтелкені сындырған, үстіне секірген», - дейді «Меркур Таун» тұрғын үй кешені ПИК өкілдері.
Куәгерлердің айтуынша ол адамның осы күнге дейін де біраз ісі полиция қызметкерлерінің құлағына жеткен, алайды ол түрлі айламен сытылып кетіп отырған.
«Осыдан екі-үш ай бұрын ол диспетчерді соққыға жыққан. 55 жастағы әйелді шашынан сүйреген. Ол нашақор, қаншама рет полиция шақырдық. Есірткі шеккенде үйсіз адамдарды осында әкеледі. Тиісінше, біз бөтен адамдарды аумаққа кіргізбейміз. Ал ол есіктерді сындырып, лифтті тепкілейді. Диспетчер ескерту жасаған, кейін ата-анасына телефон соққан. Сол үшін оны шашынан сүйреген. Ол тағы бір күзетшіні қылқындырған, кейін ол жұмыстан шығып кетті. Құқық қорғау органдарына арыз жаздық, сенесіз бе, сенбейсіз бе, бірде-бір жауап алған жоқпыз», - деп хабарлады «Меркур Таун» тұрғын үй кешені өкілдері.
Әлеуметтік желілерде ер адам мен күзетші бірге ішімдікке тойып алған деген дақпырт сөз тарады. Алайда, «Меркур Таун» ПИК бұны жоққа шығарды.
«Мен бейнежазбадан барлық хронологияны көрдім. Жұмыс орынында отырыс болған жоқ. Күзетші Нұрбол оны тыныштандырғысы келген, оны қақпадан шығармады. Бұл адам көршілерін қорқытып, есік-терезелерін сындырған. Мұны бәріміз білеміз, осы жерден көреміз. Күзетшінің үш баласы бар, екі ауысымда жұмыс істейтін, ішімдік ішпейтін», - дейді «Меркур Таун» ПИК тұрғын үй кешені әкімшілігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық