Аш ақбөкендер Ақмола облысы диқандарының мазасын қашырды
Аштықтан жан сауғалаған ақбөкендер Қостанай мен Ақмола облыстарының диқандарының мазасын алуда. Қуаңшылықтан шөп таппаған киіктер өз мекендерін тастап азық іздеп, мыңдаған гектар егіс алқабын жайпап кеткен.
Онсыз да шаш етектен шығынға батқан диқандар, киелі жануарларға қандай шара қолданатындарын білмей, дабыл қағуда, деп хабарлайды Orda.kz. сайты 31 арнаға сілтеме жасап.
Шаруалар аштықтан дала кезіп кеткен ақбөкендер мәселесін биліктегілер шешсе дейді. Ақмола облысында ақбөкендер алты ауданның 130 мың гектар егін алқабын жайратып, диқандарғакөп мөлшерде шығын келтіріп отыр.
Аймақта 5 миллион гектар жерге егін егілген. Дегенмен қуаңшылық жағдайында бір ай жаңбыр тимеген егін бітік шықпаған. Ол аздай киелі жануарлар да адам азығына ауыз салуда.
Диқандардың айтуынша, мұндай жағдай осымен үшінші жыл қатарынан қайталанып отыр. Киіктер қатары да аз емес. Бір уақытта 20-30 мыңы бірден келіп, опырып өте шығады екен.
Азық іздеген ақбөкендерден шаршаған шаруалар ұжымдасып, кезекшілік жасап егістікті күзетуден басқа амалдары қалмағанын айтады.
— Атбасарда 50 мың гектар егіс алқабын ақбөкен жаншып өтті. Жарқайың, Қорғалжын, Егіндікөл осы аудандарға бәріне 130 мың гектарды ақбөкендер басып кетті. Осы мәселе бойынша былтыр да ауыл шаруашылығы Минстрлігіне хат жолдағанбыз. Биыл премьер-министрге де хат жолдадық. Биыл да бізге ешқандай шешім келген жоқ, – дейді Ақмола облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеш Әленов.
Дегенмен диқандар жанайқайымызды Үкімет пен Министрлік естіп, көмек қолын созар деген үмітпен күтіп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық