«Қыз үшін сыныптасын соққыға жықты»: Астанада оқушының үстінен әкімшілік іс қозғалды
Фото: Бейнеден кадр
Астанада жасөспірім қатарласын соққыға жықты. Оқушының мұндай әрекетке баруына бір қыз себеп болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана қалалық полиция департаменті оқиғаның «Мечта» тұрғын үй кешенінде болғанын мәлімдеді. Тұрғын үй №71 мектептің жанында орналасқан. Полиция тексеру барысында жанжалдасқандардың бәрін анықтады.
Жасөспірімдердің бірі қызға жақтасқаны белгілі болды. Оның сөздері қатарласына ұнамай, екеуі жанжалдасқан. Кейін жанжал соңы төбелеске ұласты.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қоғамдық орында бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары саралану үшін сотқа жіберілді.
Айта кетейік, бүгін, 10 қазан күні Қостанай облысында Абылайхан Саринжиповке қатысты үкім шығарылды. Ол облыстық аурухананың уролог-хирургі Антон Кистановты ұрып өлтіріп қоя жаздады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық