«Қытай компаниясы мәдени мұраны жойды»: Түркістан облысында археологтар дабыл қақты
Фото: Қазақстан пресс клубы
Өткен жылы Түркістан облысында қытайлық «Xinjiang Lihua (Group) Co.,Ltd» компаниясының қатысуымен мақта шаруашылығын дамытуға арналған ауқымды инвестициялық жоба іске қосылған еді. Алайда жоба жүзеге асқан аумақта ондаған тарихи-мәдени ескерткіштер қалпына келместей жойылды. Осыған байланысты ғалымдар мен археологтар дабыл қағып, арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.
Orda.kz тілшісі баспасөз мәслихатына қатысып, істің мән-жайын анықтап қайтты.
Мақта кластері аумаққа 200 млрд АҚШ доллар болатын инвестиция әкеледі деп жоспарланған.
Жоспар бойынша он зауыт салыну керек еді, cоның ішінде:
- егістік алқаптардың маңында төрт мақта өңдеу зауыты;
- екі тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорын;
- төрт тоқыма фабрикасы, соның ішінде тігін және бояу-бөлу өндірістері.
Сондай-ақ, 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Соның ішінде 3 мыңы – тұрақты істейді.
Инвесторларға Отырар ауданы мен Арыс қаласы әкімдігі аумағынан тарихи мұрамен, ескерткіштерге толы 60 гектар жер бөлінді. Оператор болып ӘКК«Түркістан» тіркелді. Жер иелері Қазақстандық компаниялар.

Бұрынғы жайылымдық алқаптардың мақсаты өзгертіліп, суармалы жерлерге айналуына байланысты, көрсетілген аумақта ҚР заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени сараптама жүргізілуі керек еді, алайда ол жүргізілмеген.
«Жұмыстарға жетекшілік еткен қытайлық маманға аталған аумақтағы орналасқан ескерткіштердің картасын және ҚР заңнамасын көрсеттім. Ол сараптама жүргізуге уәде берді, бірақ белгісіз себептермен іс алға жылжымады. Жерге орналастыру жұмыстары 2024 жылдың көктемінде тарихи-мәдени сараптамасыз басталды. Біз облыстық прокуратураға арыз жазғаннан кейін, сараптама жасады», — дейді Серік Ақылбек.
22–30 қазан аралығында «Archeo-service» компаниясы жүргізген тарихи-мәдени сараптама барысында 20 тарих және мәдениет нысана анықталды. Барлығы археологиялық ескерткіштер санатына жатады. Сараптама нәтижесінде жерді мақта өндірісіне игеру барысында ескерткіштердің бастапқы бейнесі жоғалғаны, кейбірінің жойылу алдында тұрғаны анықталды.
«Анықталған 20 ескерткіштің 11 ескерткіші жойылды. Археологиялық ескерткіштерді қирататын жерге орналастыру жұмыстарын тоқтату талабы ескерілмеді. Жүргізілген жұмыстарды тоқтатуды талап етсек те, көз алдымызда тағы бір ескерткішті сүріп, жойып тастады. Сараптамадан кейін айтылған ескертуді де елеген жоқ», — дейді археолог.
Кейін «Ауыл» фракциясындағы Парламент депутаттарының араласып «Түркістан» ӘКК мен Отырар ауданы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен қоғамдық жиын өтті. Нәтижесінде ескерткіштерді құтқару, археологиялық жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Алайда меншік иесі қоғамдық тыңдау қаулысын елемей отыр. Бүгінде 20 ескерткіштің 3 ескерткіші ғана қалды.
«Былтыр 46 гектар болса, биыл жер ұлғайып 60 гектар болды. Қалған 20 гектар жерде сараптама жүргізілмеді. Кеше ғана Серкектөбе деген ескерткішті сүріп тастады. Ол ескерткіште «ҚР мемлекетінің қарауында» деген тақта бар. Бұл мұраны қасақана жою» деп атап өтті Серік Ақылбек.
Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, археолог Ералы Ақымбек мәдени мұраның сақталуын заң тұрғысынан баяндап берді.
«Жер иелері тарихи ескерткіштерді жасырып, тез арада жоюға тырысады. Себебі олардың басты қорқынышы – ескерткіш табылса, жер мемлекетке қайтарылады деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, ҚР заңнамасына сәйкес, ескерткіш табылған жағдайда жер тартып алынбайды. Оны ғылыми тұрғыда зерттеп, қорғау ғана қажет», – дейді Ералы Ақымбек.
Сондай-ақ, археолог мәселе заңның әлсіздігінде емес, оның орындалуында екенін атап өтті. Яғни, Ералы Ақымбектің айтуынша, заңнамада жер учаскесін беру алдында ол аумақ міндетті түрде тексеріліп, зерттелуі тиіс деп көрсетілген.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы Таңбалытас ауылына да қытайлық инвестор ауыз салған еді. Бұл ауыл — мыңдаған жылдық тарихы бар ерекше петроглифтерге толы орын. Алайда дәл осы аймақта қытайлық инвестор 18 миллиард теңгеге жаңа цемент зауытын салуды жоспарлап отыр. Orda.kz журналисі археологтармен ілесіп мәселенің мән-жайын анықтау үшін Таңбалытасқа барып қайтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық