«Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
Коллаж Orda.kz
Алматы облысындағы Таңбалытас ауылы — мыңдаған жылдық тарихы бар ерекше петроглифтерге толы орын. Алайда дәл осы аймақта қытайлық инвестор 18 миллиард теңгеге жаңа цемент зауытын салуды жоспарлап отыр.
Orda.kz журналисі археологтармен ілесіп мәселенің мән-жайын анықтау үшін Таңбалытасқа бет бұрды.
Бұған дейін біз Қытайдың China Gezhouba Group Cement Co., Ltd компаниясы Алматы облысында жаңа цемент зауытын салып, оған шамамен 18 миллиард теңге инвестиция салуды жоспарлап отырғанын жазған едік. Бұл кәсіпорын 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтуы мүмкін. Жобаны іске асыруды «АЛАЗ Строй» компаниясы қолға алса, қаржыландыруды әлемдік ірі құрылыс корпорациялардың бірі — China Gezhouba Group Cement Co., Ltd жүзеге асырады.
Алайда, зауыт салынбақшы болған аумақта көне қорғандар, ортағасырлық зираттар мен тарихи маңызы зор Аққайнар петроглифтері орналасқан.

Сонымен қатар, дәл осы маңда 1999 жылы жергілікті халық қазақ халқының жоңғарларға қарсы Аңырақай шайқасындағы ұлы жеңісіне арналған ескерткіш орнатқан. Аңыз бойынша, дәл осы жерде қазақ жүздерінің бірлігі мен ерлігі жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған.
«Жоңғар шапқыншылығындағы Ұлы жеңістің ақтық шайқасы осы жерден басталған. Бабалар ерлігіне мың тағзым».

Осы аптада Orda.kz тілшісі, археологтар және инвестор компания өкілдері Таңбалытас ауылына барып, мән-жайды анықтап қайтты. Археологиялық сараптамамен танысқаннан кейін, компания өкілдері тарихи мұраға қауіп төндірмеу үшін зауыттың орнын қайта қарауға дайын екенін айтты.

«Жергілікті тұрғындардың және ғалымдардың алаңдаушылығын түсінеміз. Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының директоры Талғат Аблаевпен бірлесіп, бұл аумақтың маңыздылығын анықтаймыз. Егер расында да қорғауға тиісті ескерткіштер болса, зауытты басқа жерге салу мүмкіндігін қарастырамыз», — деді компания өкілі Нұржан Шәкіров.
Осыдан кейін біз Аққайнар шатқалына жол тарттық. Бұл өңірдің тасты жоталарында мыңдаған жылдық тарихтың ізі қалған. Алғашқы петроглифтер осы жерде қола дәуірінде, шамамен төрт мың жыл бұрын пайда болған. Кейін бұл тас беттеріне сақтар, түркілер және басқа да көне халықтар аңшылық көріністерін, жануарларды және қасиетті белгілерді бейнелеп кеткен.


Алайда соңғы 70 жылда тарихи мұра адам қолынан зардап шегіп келеді. Қазіргі келушілердің көбі ежелгі тастарға өз есімдерін немесе суреттерін ойып, көне бейнелерді бүлдіріп жүр.




Бұл аумақта бұрын әскери полигон орналасқан. Кезінде мұнда борышын өтеп жүрген сарбаздар да тас бетіне суреттерін қалдырған. Мәтібұлақ ауылдық округінің әкімі Мәдияр Мұқашев қазір сол аумақ біртіндеп тазартылып жатқанын айтып, жағдайды өз көзімізбен көруді ұсынды.


Оқиға орнында біз расымен де жұмыс істеп жатқан ауыр техниканы көрдік. Аумақтың бір бөлігі тазартылған, тіпті бұрын бұл жерде әскери полигон болғанын елестету қиын. Бірақ сәл ары қарай жүрсеңіз, әскерлердің өткен ізі бірден байқалады. Қазылған шұңқырлар, траншеялар және сарбаздар ойып жазып кеткен жазулар көзге түседі. Мұның бәрі тазартылған жерден бірнеше метр жерде ғана орналасқан.

Петроглифтердің дәл жанында терең шұңқырлар бар. Археолог Ольга Гумированың айтуынша, бұл шұңқырларды кезінде сарбаздар даладағы дәретхана ретінде пайдаланған. Мұны естіген округ әкімі сол жерде тұрған бульдозер жүргізушісін шақырып, бұл шұңқырларды көміп тастауды тапсырды.

Экспедиция соңында археолог Ольга Гумирова бізге Аққайнар шатқалының ең ерекше бейнелерінің бірін — Тамғалы стилінде салынған бұқаны және жұлдызды аспанды көрсетті. Шатқалды төрт мүйізді бұқаның бірнеше суреті табылған. Мұндай бейне тек Иран мифологиясында кездеседі екен.
«Иран аңыздарында төрт мүйізді бұқа — адамдардың жандарын о дүниеге алып өтетін қасиетті тіршілік иесі деп саналады», — дейді Ольга Гумирова.
Ал бұл жердің ең әйгілі петроглифі — қола дәуіріне жататын қасқырға айналған адам бейнесі. Осындай бірегейлігі мен тарихи маңыздылығының арқасында Аққайнар шатқалы Қазақстанның республикалық маңызы бар киелі орындарының тізіміне енгізілген.
Orda.kz редакциясы бұл жағдайдың әрі қарай қалай өрбитінін бақылайды.
Жаңалықтар
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады