Қытай инвесторына кедергі: БҚО-да зауыт құрылысына шенеуніктер тосқауыл жасаған
Фото: Envato
Батыс Қазақстан облысында цемент зауытын салуға ниетті қытайлық инвестор жергілікті билікпен келісе алмай, кедергіге тап болды. Мәселеге облыстық прокуратура араласып, араша түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокуратура дерегінше, «СпецСтройСервис» ЖШС 2022 жылдан бері жаңа өндіріс орнын салу жобасын іске асырып келеді. Жалпы инвестиция көлемі 75 миллиард теңге. Жоба толық жүзеге асқанда, 60 жаңа жұмыс орны ашылады. Қаржыландыруға шетелдік, соның ішінде қытайлық серіктестер тартылған.
Алайда өндіріс үшін қажет шикізат орналасқан жер теліміне қатысты жер қатынастары басқармасымен келіспеушілік туған. Басқарма компанияны жерді пайдалану шартын бұзды деп айыптап, сотқа жүгінген.
Облыстық прокуратура бұл іске араласып, тараптарды тыңдағаннан кейін шенеуніктерге талап-арыздан бас тартуға ұсыныс жасаған. Бірақ араға бір жыл салып басқарма жер жалдау шартын өз бетінше бұзып, бұл әрекетін сотта қорғап шыққан. Кейін прокуратура сот шешімін қайта қарап, оның күшін жоюға қол жеткізді.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде инвестор Қытай тарапымен 100 миллион долларлық келісім жасасып, зауыт құрылысы қайта жалғасты», деп мәлімдеді ведомство.
Бұл – Қазақстанда Қытай инвестициясымен салынып жатқан жалғыз цемент зауыты емес. Бұған дейін Алматы облысында да Қытай қаржыландырып жатқан зауыт құрылысы ежелгі петроглифтер мен тарихи қорымдарға жақын орналасуына байланысты сынға ұшыраған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық