Қытай аспанындағы отты шоу: дрондар көрермендердің үстіне құлап, өрт шықты
Фото: Pixabay
Қытайдың Люян қаласында 1 қазан күні ҚХР-дың 76 жылдығына арналған мерекелік дрон шоуы апатпен аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шара барысында жаппай техникалық ақау болып, жүздеген дрон бақылаудан шығып, көрермендердің үстіне, ғимараттардың шатырларына және көшелерге құлап, өрттің шығуына себеп болған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шоуға рекордтық көлемде дрондар қатысқан. Алайда дәл сол сәтте техникалық ақау болып, әуеде қалықтап жүрген дрондар бірінен соң бірі от шашып құлай бастаған.
Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбаларда дрондардың қалай құлап, от тұтанып жатқанын анық көруге болады. Бұл кадрлар Қытай мен әлемдік интернет кеңістігінде жылдам тарады.
Қаза тапқандар жоқ. Оқиға ауқымды болғанымен, адам өлімі тіркелмеген. Жергілікті билік осы жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын бастап кетті. Қазір мамандар ақаудың себебі мен келген материалдық шығынды анықтап жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда да дрон шоулары дәстүрге айналып келеді. Мысалы, тамыз айында Маңғыстауда өткен «Ақ Мая Fest» фестивалінде қонақтар тамаша дрон шоуын тамашалады. Бұл көрініс ешқандай техникалық ақаусыз, мінсіз өтті.
Сонымен қатар алматылықтар мен қала қонақтары жеңістің 80 жылдығына арналған бірегей жарық шоуын да тамашалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық