Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті
Фото: Orda.kz
Аталған шоу сағат 21.00 Абай алаңында басталды. Іс-шараға 500-ге жуық аппарат тартылды. Orda.kz шоудың қалай өткенін көруді ұсынады.

Бүгін алматылықтар мен қала қонақтары жеңістің 80 жылдығына арналған бірегей жарық шоуға куә болды. Қала тұрғындары мен қонақтары шоуды қуана тамашалады.

Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында майданда ерлік көрсеткен даңқты қаһармандар қыздарымыз Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының бейнелері аспанда жарық жұлдыздай жанды.

Жарық анимациясының көмегімен олардың ерліктерінің символдық көріністері жарқырап көрінді.
Сондай-ақ, дрон-шоу бағдарламасында естелік символы ретінде ұшып бара жатқан тырналар бейнеленді, ал соңында қазақтың ою-өрнегі аясында «Жеңіс күні құтты болсын!» деген жазу көрінді.
Шоу үш жерден: Абай алаңы, «Қазақстан» қонақ үйі, Caspian University жанында және Абай даңғылы бойында (Назарбаев көшесінен Достық даңғылына дейін) әдемі көрінді.
Алматыда «Батырларға тағзым» шеруі өтті.
Сондай-ақ, бүгін Алматыдағы «Алматы-2» вокзалында жеңістің 80 жылдығына арналған «Естелік пойызы» акциясы өтті: бірінші жолға екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдары ретінде айшықталған тарихи пойыз келіп тоқтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық