«Қырымбек Көшербаев көпірі»: Бұрынғы әкімнің атаққұмарлығы ақсақалдардың наразылығын тудырды
Фото: Facebook/ Ардагерлер дауысы
Қазалы ауданында Әлсейіт көпіріне «Бұл көпірді салдырған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев» деген тақта ілінген. Бұл облыстық «Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігіндегі азаматтардың ашуын тудырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласының тұрғындары облыстық «Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігіне хабарласып, өз уәждерін айтқан. Олардың айтуынша, Қазалы ауданында Әлсейіт көпіріне «Бұл көпірді салдырған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев» деген тақта ілінуі — заңға қайшы.
«Қызылорда қаласында Сырдарияның сол жағына өтетін көпірге «Бұл көпірді 2016 жылы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев салдырған» деп екі тілде мәрмәр тасқа жазып қойғанын қалай түсінеміз? Онда ондаған миллиард қаржыға салынып, іске аспай қалған Сырдария мен Қазалыдағы бордақылау алаңы, Жалағаш пен Шиелідегі мия зауыттарының құрылыстарына неге атын көрсетіп ілмеске? Мемлекеттік ғимараттарға тақтайша қоюға аудан, облыстың арнайы шешімі бар ма? Бұрын соңды мұндай жағдайды көрмеген біз бұл жағдайды түсінбедік. Бұрынғы басшылардың кезінде неге тақтайшалар ілінбеген?», — деп шағымданды тұрғындар.
«Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігі осы мәселе бойынша облыс прокуроры Р.К.Ожаровқа, облыс әкімі Н.М.Нәлібаевқа, облыстық мәслихат депутаттарына хат жолдаған. Хатта мемлекет қаржысына салынған нысанға өз аты-жөнін таңбалап жазу заңға қайшы екені жазылған.
«Кезінде Тасбөгет платинасын Асқар Тоқмағанбетов театрын — Сужиков, Қармақшыдағы көпірді — Бектұрғанов, Жалағаш пен Жаңақорғандағы көпірлерді — Әбдікәрімов, Бекежанов театры мен әуежайды сыртқа салдырған — Әуелбеков, облыстық диагностика, медицина (ОМЦ) орталықтарын салдырған — Шаухаманов, Қызылорданың батысындағы көпірді салдырған — Сапарбаев. Осылардың ішінде аты-жөні жазылған тақтайша ілдірген біреуі болған емес. Себебі олар өздерінің тікелей міндеті мен парызы екенін білді. Мемлекет есебінен салынған құрылыстарды иемдену мемлекеттік қызметкердің этикалық деңгейіне көлеңке түсіретін әрекет деп бағаланса, екіншіден өзін жарнамалау деп қабылданатыны сөзсіз», — дейді ардагерлер.
Сонымен қатар Сыр өңірінің жанашыр азаматтары мен кәсіп өкілдері жеке қаражаттарына әлеуметтік ғимараттарды салдырғанымен бірде біреуі аты-жөндерін жаздырмаған екен. Сондықтан тұрғындар мен ардагерлер бұдан былай мұндай қателікке жол берілмеу керегін мәлімдеді.
Айта кетейік, Иран билігі Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасап өлім жазасына кесілген адамды өлтірген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық