Иран билігі Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасап өлім жазасына кесілген адамды өлтірді
Фото: Pexels
Иран 2023 жылы Тегерандағы Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасаған адамды өлтірді. Үкімді елдің Жоғарғы соты бекітті, деп хабарлайды Orda.kz.
21 мамырда таңертең Иранның Жоғарғы соты Әзірбайжанның Тегерандағы елшілігіне қарулы шабуыл жасаған ер адамға кесілген өлім жазасын орындады.
Шабуыл 2023 жылдың 27 қаңтарында жасалды. Калашников автоматы бар шабуылдаушы ғимаратқа кіріп, күзет бастығын өлтіріп, екі қызметкерді жарақаттады. Прокурорлардың айтуынша, сотталушы жеке себеппен осындай қылмысқа барған. Тергеу мәліметі бойынша, қылмыскердің әйелі елшілікте жасырынып, үйіне оралмаған көрінеді. Осы жағдай оның қылмысқа баруына себеп болған.
Сот оны қасақана кісі өлтіру, қаруды заңсыз сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзу сияқты бірнеше баптар бойынша кінәлі деп таныды. Сот шешімімен ер адам өлім жазасына кесілді. Өлім жазасы марқұмның отбасы ресми келісім бергеннен кейін орындалды.
Айта кетейік, Алматыдағы қонақ үйде мұғалімімен ұсталған 14 жастағы оқушы өмір бойына бас бостандығынан айырылған Руслан Күлекбаевтың қызы болып шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық