Қырғызстандағы Ельцин атындағы ҚРСУ кампусы Ресейде дау тудырды
Фото: әлеуметтік желіден
21 сәуір күні Мемлекеттік Думаның пленарлық отырысында күн тәртібіндегі мәселелердің бірі — Борис Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университеті кампусын Бішкек қаласында салу туралы келісімді ратификациялау болды. Талқылау тез арада қызу пікірталасқа ұласты, деп хабарлайды Orda.kz Caravan-info.kg сайтына сілтеме жасап.
Жоба құны миллиардтаған рубльмен бағаланып, депутаттар арасында қызу талқыға түсті.
Даудың негізгі себебі — ынтымақтастықтың саяси шарттары мен республикадағы қазіргі үдерістер аясында мұндай ірі қаржылық салымдардың қаншалықты орынды екені болды.
Құрылыстың алғашқы кезеңіне Ресей 15 млрд рубль бөледі. Жалпы жоба 2032 жылға дейін үш кезеңде жүзеге асырылады. 15 000 студентке арналған кампус Байтик ауылы маңында, 30 гектар аумақта салынады.
Депутат Михаил Матвеев шығынға күмән келтіріп, оны Қырғызстандағы орысша атауы бар елді мекендерді қайта атау үдерісімен байланыстырды. Оның айтуынша, миллиардтаған рубль кампус құрылысына бөлініп жатқан тұста Қырғызстанда кеңестік және орысша атаулар берілген елді мекендер мен көшелердің атауы өзгертіліп жатқанын атап өтті. Бішкек қаласындағы Горький, Толстой, Фрунзе, «Молодая гвардия» көшелері сөз болды. Депутаттың айтуынша, республикада русофобия мен антикеңестік көзқарастар күшейіп тұрған жағдайда, Ресейдің 15 миллиард рубль инвестиция салуы қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды. Матвеев мұндай келісімдерде Ресейдің мүддесін қорғауды ұсынып, тарихи жадтың сақталуына кепілдік беруді талап етті.
Ресей ғылым және жоғары білім министрлігінің статс-хатшысы, вице-министр Анастасия Бондаренко білім беру ықпалын сақтау және гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңызын баса айтты.
Пікірталастарға қарамастан, келісім ратификацияланды. Бұған дейін құжатқа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойған болатын.
Жаңа кампус құрамына оқу корпустары, технопарк, медициналық кластер және жатақханалар кіреді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық