Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
Фото: Kyrgyzstan_onlin
Қырғызстан үкіметі ішкі нарықты мұнай және жанармаймен тұрақты қамтамасыз ету үшін мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салды. Сонымен қатар елге автокөлікпен мұнай өнімдерін әкелуге қатысты бұрынғы шектеулердің күші 2027 жылдың 1 сәуіріне дейін тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті 2026 жылғы 13 шілдеде №484 қаулы қабылдап, мұнай мен мұнай өнімдерінің импорты мен экспортына қатысты бұрынғы қаулыларға өзгерістер енгізді.
Жаңа құжатқа сәйкес, 2019 жылы енгізілген Қырғызстан аумағына автокөлік арқылы мұнай мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін әкелуге қойылған уақытша тыйымның күші 2026 жылғы 25 мамырдан 2027 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатылды. Бұл кезеңде аталған шектеу қолданылмайды.
Сонымен қатар, билік мұнай мен мұнай өнімдерін Қырғызстан аумағынан автомобиль және теміржол көлігімен шығаруға уақытша тыйым енгізді. Шектеу елдің ішкі нарығы толық қамтамасыз етілгенге дейін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығы құрылғанға дейін күшінде болады.
Тыйым ЕАЭО сыртындағы елдерге ғана емес, жалпы Қырғызстаннан мұнай мен мұнай өнімдерін шығаруға қатысты қолданылады. Алайда Министрлер кабинетінің арнайы шешімімен қайта өңдеуге жіберілетін нафта, мазут және пеш отыны бұл талаптан тыс қалады. Мұндай өнімдер кейін қайтадан Қырғызстанға әкелінуі тиіс.
Шектеу көлік құралдарының техникалық талаптарға сай орнатылған штаттық жанармай бактарындағы отынға қолданылмайды. Құжатқа сәйкес, Қырғызстанның Экономика және коммерция министрлігі Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық комиссияны, ал Сыртқы істер министрлігі ТМД Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Кеден және шекара қызметтеріне мұнай өнімдерінің заңсыз шығарылуына жол бермеу тапсырылды.
Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енді.
Оқи отырыңыз:
Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық