Қырғыз ауылындағы қыз зорлауға қатысты оқиғадан кейін тұрғындар өлім жазасын талап етті
Фото: freepik.com
Қырғызстанда 17 жастағы қызды зорлап, өлтіргеннен кейін тұрғындар қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Барскоон ауылында жүздеген тұрғын жиналып, құқық қорғау органдары мен жергілікті билік өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында олар билікке балаларды зорлағандар үшін заңға өлім жазасын енгізу туралы талап қойды. Бұл талап кәмелетке толмаған қыздың зорлық-зомбылық құрбаны болып, қаза табуына байланысты өткен жерлеу рәсімінде көтерілді.
24 KG мәліметінше, жиналғандар қылмыскерлерді түрмеге жабу түбегейлі шешім емес екенін айтқан.
«Біз, Барскоон халқы президентке және ҰҚК төрағасына үндеу жолдаймыз: заңға өзгеріс енгізіп, өлім жазасын қайта енгізу қажет. Өйткені түрме мұндайларды түземейді», — дейді ауыл тұрғындары.
Айта кетейік, Қырғызстанда қыркүйек айында жантүршігерлік адам өлімі тіркелді. 27 қыркүйекте Ыстықкөл облысының Жетіқұз ауданындағы шатқалдан 17 жастағы қыздың денесі табылды. Бойжеткен Барскоон ауылындағы үйінен шығып, Победа ауылындағы досына кеткеннен қайта оралмаған.
Іздеу барысында ауылдағы бақылау камераларына түскен бейнеден қыздың «Honda Stream» көлігіне мінгені белгілі болды. Алайда, көлік жүргізушісі алдымен қызды зорлап, кейін өлтіріп, денесін Ыстықкөлдің жағасына көміп кеткен. Кейін қылмыскер қайта келіп, марқұмның денесін қазып алып, шатқалға лақтырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық