Қырғызстан президенті балаларды зорлағандар мен әйелдерді өлтіргендерді өлім жазасына кесуді тапсырды
Фото: gov.kz
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әйелдерді өлтіріп, жас қыздарды зорлағандарға өлім жазасын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғызстанда қыркүйек айында жантүршігерлік адам өлімі тіркелді. 27 қыркүйекте Ыстықкөл облысының Жетіқұз ауданындағы шатқалдан 17 жастағы қыздың денесі табылды. Бойжеткен Барскоон ауылындағы үйінен шығып, Победа ауылындағы досына кеткеннен қайта оралмаған.
Іздеу барысында ауылдағы бақылау камераларына түскен бейнеден қыздың «Honda Stream» көлігіне мінгені белгілі болды. Алайда, көлік жүргізушісі алдымен қызды зорлап, кейін өлтіріп, денесін Ыстықкөл көлінің жағасына көміп кеткен. Бірақ, қылмыскер қайта келіп, марқұмның денесін қазып алып, шатқалға лақтырған.
Көп ұзамай 1984 жылы туған күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Марқұмның туыстары әділ тергеуді талап етіп отыр.
Кәмелетке толмаған қызды қатыгездікпен өлтіру ісі президент Садыр Жапаровтың жеке бақылауында. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов мәлімдеді.
Оның айтуынша, мемлекет басшысы жұртшылықты дүр сілкіндірген бұл қылмысты өкінішпен қабылдаған. Жапаров Президент әкімшілігінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Мұрат Укушевке балаларға, қыздар мен әйелдерге қарсы қылмыстар үшін барынша қатаңдатылған жауапкершілікті көздейтін заңнамаға өзгерістер дайындауды тапсырды. Қырғызстан басшысы балаларды зорлағаны үшін, сондай-ақ әйелдерді өлтіргені үшін өлім жазасы туралы ережені енгізу керектігін айтты.
Айта кетейік, Оралда ер адам 15 жастағы қызды зорлап, кейін өлтіруге тырысқан. Оны тұншықтырып, өлді деп ойлап орманға тастап кеткен. Бірақ абырой болғанда, қыз есін жиып, ата-анасына қоңырау шалып, жағдайды баяндаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық