Күрес кезінде клиникалық өлімді бастан кешкен 15 жастағы бала жан тапсырды
Фото: Бейнеден кадр
Ерейментауда күрес кезінде клиникалық өлімді бастан кешкен 15 жастағы бала жан тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
7 қыркүйек күні Ақмола облысында өткен күрес жарысында ауыр жарақат алған 2010 жылы туған бала санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді. Ол №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына түскен.
Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала ауруханаға түскен сәтте жағдайы өте ауыр болған. Сол себепті ол бірден жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.
«Барлық қажетті шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Емдеу шаралары республикалық деңгейдегі мамандардың қатысуымен жүргізілді. Бірнеше рет дәрігерлік консилиум өткізілді», деп мәлімдеді басқарма.
2025 жылдың 15 қыркүйегінде ол қайтыс болды.
Еске сала кетейік, күрес кезінде Ақтөбеден келген 15 жастағы балуан қарсыласын кілемге жыққанда мертігіп қалды. Жарыста кезекшілікте жүрген аурухана дәрігері дереу көмек көрсетті. Жасөспірім боз кілемнің үстінде клиникалық өлім күйін кешті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық