«Бір өліп, тірілген»: Ерейментаудағы қазақ күресінде жасөспірім ауыр жарақат алды
Фото: Бейнеден кадр
Ерейментауда қазақ күресінен Перуаш Кәрімұлының құрметіне өткен республикалық жарыста оқыс жағдай болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Күрес кезінде Ақтөбеден келген 15 жастағы балуанды қарсыласы кілемге жыққанда ол мертігіп қала жаздады. Жарыста кезекшілікте жүрген аурухана дәрігері дереу көмек көрсетті. Жасөспірім боз кілемнің үстінде клиникалық өлім күйін кешті. Спортшы Ерейментау аудандық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер массаж, адреналин, дефебреллация жасады. Содан кейін ғана жасөспірімнің жағдайы жақсарды. Науқас үшін арнайы өкпені жасанды желдету құрылғысы қосылды. Кейін оны елордадағы ауруханаға тасымалдау туралы шешім қабылданды.
«7 қыркүйекте Ерейментау ауданы аумағында қазақша күрестен жарыс өткізу барысында Ақтөбе қаласының 15 жастағы тұрғыны ауыр жарақат алды. Осы факті бойынша полиция органдары қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан облысында жантүршігерлік жағдай тіркелді. Шардара ауданында туған ұлы мен келінінен зорлық-зомбылық көрген қария 4 қыркүйек күні қайтыс болғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық