Қылмыстық кодекстің Нығматулинге тағылған бабы белгілі болды - ол 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
ҚР Қылмыстық кодексі бойынша Нығматулиндердің үлкені Арғын Нығматулинге қатысты айып тағылған бап аталды. Бұған дейін прокуратураның бастамасымен оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық іздеу жариялаған болатын.
Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Бас прокуратура А.Нығматулинге тергеу жүргізіп жатыр және Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі көлемде иемдену немесе талан-таражға) бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады ҚазТАГ Бас прокуратурадан алынған жауапқа негіздей отырып.
Айта кетейік, аталған қылмыстың саралануы бойынша Нығматулин мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін Арғын Нығматулинге прокуратура 2025 жылдың 3 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арқылы іздеу жариялаған. Кейін Бас прокуратура Нығматулиндердің үлкеніне іздеу жарияланғанын растап, оның мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінгенін айтты.
Наурыздың 6-сы күні Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланғанын растады.
Нұрлан Нығматулин қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылғы 1 ақпанда Мәжіліс спикері қызметінен кетті. Ол 2016 жылдан бері парламенттің төменгі палатасын басқарды, бұл оның екінші төрағалығы еді. Оған дейін ол 2012-2014 жылдары Мәжіліс спикері болған. Осы жылдар ішінде ол президент әкімшілігін басқарды, Қарағанды облысының әкімі болды.
Нұрлан Нығматулиннің егіз інісі Ерлан Нығматулин де кезінде Мәжілістің де, Сенаттың да депутаттық мандатты иеленді. Олардың үлкен ағасы – Арғын Нығматулин Қарағанды облысы мәслихатының бұрынғы депутаты.
Ағайынды Нығматулиндерге бірнеше рет рейдерлік басып алу, қылмыстық құрылымдар мен қылмыстық істерді қолдан жасады деген айыптар тағылды, бірақ ағайындылар әлі де бостандықта жүр.
Бұған дейін Арғын Нығматулинді прокуратура іздеуге жариялағаны туралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық