«Қылмыс әлемінің серкесіне қаржы бөлді»: Амандық Баталовтың күйеу баласын Қырғызстанда іздеп жатыр
Фото: Қырғызстан ҰҚМК
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, Қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабеков қылмыстық топқа қаржы бөлді деген күдікке ілінді. Тергеу нұсқасы бойынша, ол кезінде атышулы «заңдағы ұры» Камчы Көлбаев (Камчы Асанбек) басқарған ұйымдасқан қылмыстық топпен байланыс орнатқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғызстанның арнайы қызметі таратқан ақпаратқа сай, Жұмабеков Көлбаевпен тығыз жеке және іскерлік қарым-қатынаста болған. Ол Көлбаевтың бопсалау, рэкет және кәсіпкерлерден заңсыз ақша жинаумен айналысатынын біле тұра, өз жобаларын ТМД елдерінде қорғау және жүргізу үшін одан қамқорлық іздеген.
Кәсіпкер мен қылмыс серкесінің Ыстықкөл жағасындағы «Барыс» демалыс орнында бірнеше рет кездескені, сондай-ақ Жұмабеков Алматыға келген Көлбаевтың туыстарына көмек көрсеткені айтылып отыр. Қазір Ерқанат Жұмабековке халықаралық іздеу жарияланды.
Анықтама: Ерқанат Жұмабеков — Қазақстандағы ең көне кәсіпорындардың бірі саналатын «Айдабол спирт зауыты» АҚ басқарма төрағасы.1908 жылы Айдабол ауылында негізі қаланған зауыт қазіргі таңда әртүрлі сорттағы этил спиртін шығарады.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Камчы Көлбаевтың «ел мүддесі үшін жойылғанын» мәлімдеген еді. Оның айтуынша, қазір Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топ жоқ.
Еске сала кетейік, Қазақстанда резонанс тудырған Талғардағы 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бұл істі тергеген билік өкілдері Қазақстанда да ұйымдасқан қылмыстық топтардың жоқ екенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық