Құстың кесірінен Қарағандыдан ұшатын ұшақ бірнеше сағатқа кешікті
Фото: Pixabay
23 тамызда сағат 10: 25-ке жоспарланған Fly Arystan авиакомпаниясының Қарағандыдан Анталияға ұшатын рейсі уақытында ұшып кете алмады. Кідіріс 12 сағаттан астам уақытқа созылды, ал 200-ге жуық жолаушы әлі де әуежайда күтіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz «За нами уже выехали» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Қарағандыға басқа қалалардан келген адамдар оларға қонақ үй мен тамақ берілмегеніне, ал тасымалдаушы ұшақты ауыстырудан бас тартқанына шағымданады. Жолаушылар Fly Arystan компаниясының әрекетсіздігіне наразы.
Авиакомпанияның өзі түсіндіріп өткендей, Қарағандыға келген соң лайнер құспен соқтығысқан, салдарынан қосымша техникалық тексеру қажеттілігі туындаған. Ықтимал салдарды жою үшін әуежайға инженер жіберілді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушыларға сусындар мен ыстық тамақ берілген, бірақ қонақ үй қарастырылмаған, себебі кешігудің себебі «авиакомпанияға қатысты емес».
Әзірге Қарағанды-Анталья FS 7917 рейсі 22: 40-та ұшады деп жоспарлануда.
Еске салсақ, Алматыда жаңа №215 мектептің аралас тілде ашылуына қарсы шыққан белсенді әрі математика пәнінің мұғалімі Дархан Ардақұлы 15 тәулікке қамалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық