Құрылтай сайлауы: Алғашқы командалық теледебат тікелей эфирде көрсетіледі
Фото: Jibek Joly телеарнасы
Тікелей эфирде Құрылтайға өтетін алғашқы тарихи сайлауға қатысып жатқан жеті саяси партияның өкілдері пікірталасқа түседі, деп хабарлайды Orda.kz.
12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді. Командалық теледебаттың негізгі тақырыбы – «Әділетті қоғамның негізі ретінде заң үстемдігі («Заң және тәртіп» қағидаты)».
Дебатта «Әділет» партиясының атынан Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев сөз сөйлейді. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова, «Байтақ» партиясын Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев таныстырады.
Қазақстан Халық партиясының өкілдері Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова болса, «Ауыл» партиясынан Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурықов қатысады.
«Ақ жол» партиясының атынан Бек-Мұхамед Жәукебаев пен Ермек Әбілдин, ал Respublica партиясынан Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова пікірталасқа шығады.
Телеарнаның хабарлауынша, дебатқа қатысушылар сайлаушыларды дәл өз партияларына қолдау көрсету қажет екеніне сендіруі тиіс.
Эфир барысында партиялардың сайлауалды бағдарламалары жан-жақты талданып, оппоненттерге ең өзекті сұрақтар қойылады. Сонымен қатар әр партия өз өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндеттенетін бір нақты уәдесін жариялайды.
Тікелей эфир кезінде көрермендер экрандағы QR-кодты сканерлеу арқылы немесе WhatsApp арқылы дебат қатысушыларына өз сұрақтарын жолдай алады.
11 тамызда Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде алғашқы командалық теледебатқа қатысушылардың сөз сөйлеу тәртібін анықтаған ашық жеребе өтті.
Жеті саяси партия өкілдерінің сахнаға шығу реті төмендегідей:
- «Ақ жол»
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
- «Әділет»
- Қазақстан Халық партиясы
- «Ауыл»
- «Байтақ»
- Respublica.
Алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көруге болады.
Бұған дейін Qazaqstan телеарнасында ұлттық теледебаттың алғашқы кезеңі өтті. Оған жеті саяси партияның өкілдері қатысып, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық