Құлсарыда сыныптастарына балта ала жүгірген оқушы мектеп партасына оралды
Фото: Бейнеден кадр
Атырау облысында мектепте балта ұстап жүгірген оқушыға қатысты іс бойынша соттың алғашқы отырысы өтті. Оқушы үйқамаққа алынды, алайда оған сабаққа қатысуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Абуовтың айтуынша, соттың алғашқы отырысынан кейін жасөспірім үйқамаққа алынған. Сонымен қатар, оған мектепке және медициналық ұйымдарға баруға рұқсат берілген. Оқушыға тағайындалған шектеулер тергеу амалдары аяқталғанға дейін жалғасады.
«Оқиға салдарынан екі бала жеңіл жарақат алды. Білім беру басқармасы, полиция департаменті және облыстық прокуратура өкілдерінің қатысуымен бірлескен тексеру жүргізілді. Бірқатар кемшіліктер анықталды. Бұл жағдайға қатысы бар оқушылар есепке алынды», — деді Марат Абуов.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Құлсары қаласындағы мектепте түсірілген бейнежазба тарады. Кадрда қолына балтаға ұқсас заты бар оқушы мектеп дәлізінде өзге бір жасөспірімді қуып жүргені байқалады.
Кейінірек Құлсары қаласындағы А.Пушкин атындағы №6 мектептің директоры қызметінен босатылғаны белгілі болды. Ал оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, жауапкершілікті тек мектеп директорына ғана арта салуға болмайтынын айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық