Құлсарыда мопед мінген 13 жастағы бала мерт болды
Фото: azh.kz
Атырау облысының Құлсары қаласында 13 жастағы мопед мінген жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кеше, 7 шілде күні мопед пен қоғамдық көлік соғылған. Нәтижесінде мопедті басқарған 2012 жылы туған жасөспірім көз жұмды.
«2012 жылы туған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Бірақ ол көрсетілген медициналық көмекке қарамастан алған жарақаттарынан қайтыс болды», — деп хабарлады облыстық ПД.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда жол ережесін бұзған мопед жүргізушілеріне қатысты қылмыстық жаза екі есе күшейтіледі. ҚК түзетулер 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді. Енді әкімшілік жауапкершілік те күшейтіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық