Жол ережесін бұзған мопед жүргізушілері бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Қазақстанда жол ережесын бұзған мопед жүргізушілеріне қатысты қылмыстық жаза екі есе күшейтіледі. ҚК түзетулер 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді, әкімшілік жауапкершілік те күшейтіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
10 жыл бас бостандығынан айыру - бұл ең жоғарғы жаза. Ол абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін (ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі) беріледі.
Жалпы ҚК-нің 345-бабы бойынша жағдай мынадай:
• ЖКО-да денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру - 40 тәулікке дейін қамауға алу;
• денсаулыққа ауыр зиян келтіру - 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
• адам өлімі - 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
Жоғарыда аталған әрекеттер үшін автомобильді, троллейбусты, трамвайды немесе басқа да механикалық көлік құралын жүргізетіндерге де дәл осындай жаза беріледі.
Бірақ нақты айтқанда мопед жүргізушілеріне 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін ондай жаза қолданылған жоқ.
Олар дәл сол үшін ҚК-нің 104-бабы «Абайсызда кісі өлтіру» және 114-бабы «Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру» бойынша жазаланды. Сонымен қатар ол екі есе жеңіл болды: 40 тәулік қамаудың орнына - 20, 2 жыл орнына - бір жыл, 5 жыл орнына – үш жыл берілетін.
Өйткені мопед жүргізушілері ҚК-нің 345-бабында көзделген ықтимал құқық бұзушылық субъектілері тізімінде болған жоқ. Мопед - автомобиль немесе трамвай емес екені түсінікті, бірақ ол тізбесі ҚК-нің 3-бабының 8) тармағында келтірілген «басқа механикалық көлік құралдары» қатарына жатқызылмады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық