Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Куба кейінгі жылдардағы ең ауыр энергетикалық күйзелістердің бірін бастан өткеріп отыр. Ел аумағында толық блэкаут болып, шамамен 10 миллион адам жарықсыз қалды. Бұл — тек техникалық апат емес, сыртқы қысым мен ішкі әлсіз жүйенің қабаттасқан салдары. Трамп та қысым түсіре сөйлеп жатыр. Orda.kz тілшісі оқиғаға шолу жасады.
Энергетикалық жүйе неге құлады?
Кубадағы электр желілері мен станциялар әбден тозған. Бұған дейін де жиі істен шығатын жүйе енді отын тапшылығымен бетпе-бет келді. Негізгі себеп — мұнай жетіспеушілігі. Бұрын Кубаға негізгі отынды Венесуэла жеткізетін. Алайда АҚШ қысымынан кейін бұл жеткізілімдер іс жүзінде тоқтады. Нәтижесінде ел порттарына биыл небәрі екі ғана шағын отын кемесі келген, Венесуэладан мүлде жеткізілім болмаған. Осыдан электр станциялары жұмысын толық қамтамасыз ете алмай қалған.
Наурыздың басында-ақ ірі электр станциясындағы ақау аралдың үштен екі бөлігін жарықсыз қалдырған еді. Ал соңғы блэкаут бүкіл елді қамтыды.
Көшедегі наразылық
Жарықтың жоқтығы — жалғыз мәселе емес. Елде азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы да күшейіп отыр. Соның салдарынан халық наразылығы ашық көріне бастады.
14 наурызда сирек кездесетін жағдай болды. Наразылар Морон қаласында билеуші коммунистік партия комитеті ғимаратын өртеп жіберді. Ал кешкісін тұрғындар көшеге шығып, «бос кастрөлдер маршын» ұйымдастырып жатыр — қазан-табаларды ұрып, «Бостандық!» деп ұрандатады. Бұл Латын Америкасына тән наразылық формасы.
Билік не дейді?
Куба президенті Мигель Диас-Канель халықтың ашуын түсінетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, электр энергиясының жетіспеуі — «АҚШ-тың энергетикалық блокадасы салдары». Алайда билік тәртіпсіздікке қарсы екенін ашық айтты: зорлық-зомбылық пен вандализм қабылданбайды.
«Ешқашан түсіністікпен қабылданбайтын, ақталмайтын әрі мойындалмайтын нәрсе — қоғамдық тыныштық пен біздің мемлекеттік институттарға қауіп төндіретін зорлық-зомбылық пен вандализм» деп жазды Куба президенті.
АҚШ факторы және жабық келіссөздер
Кубадағы жағдай сыртқы саясатпен тығыз байланысты. АҚШ президенті Дональд Трамп Кубаны қысым жасалатын елдердің бірі ретінде атап, «келісім болмаса, қажетті шаралар қабылданатынын» мәлімдеді.
Трамп Кубаға қоқан-лоқы жасап, оны Венесуэла мен Ираннан кейін билігі өзгеруі тиіс елдер тізімінде тұрғанын мәлімдеді. Жексенбіде ол журналистерге Кубаның «келісімге келгісі келетінін» айтты.
«Менің ойымша, біз өте жақын арада [Иранмен соғыс аяқталғаннан кейін] не келісімге келеміз, не өзімізге қажет нәрсені жасаймыз», деді Трамп.
Сонымен қатар, Гавана мен Вашингтон арасында жабық келіссөздер жүріп жатқаны белгілі болды. БАҚ мәліметінше, келіссөздерге Кубаның бұрынғы президентінің туысы және АҚШ мемлекеттік хатшысы қатысқан.
Бұл келіссөздердің нақты мазмұны ашық айтылмайды. Бірақ Куба билігі Ватиканмен келісім нәтижесінде 51 тұтқынды босатуға келіскенін хабарлады — бұл ықтимал мәмілелердің белгісі ретінде қарастырылып отыр.
Біздің бағалауымызша, Кубадағы толық блэкаут — тек электр желісінің істен шығуы емес. Бұл — ескі инфрақұрылым, отын тапшылығы, сыртқы санкциялар және ішкі әлеуметтік қысым тоғысқан дағдарыс. Ел қазір бір мезгілде үш фронтта күресіп отыр. Олар — энергия, экономика және қоғам ішіндегі тұрақтылық. Ал бұл жағдайдың қалай шешілетіні — тек Гаванада емес, Вашингтондағы шешімдерге де тікелей байланысты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық