Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
Фото: IRNA
Иранға Iran International телеарнасы пайдаланатын спутниктің Түрікменстанға тиесілі екені жақпай қалды. Иран осы елге әскери сипаттағы ескерту жасады, деп хабарлайды Orda.kz Iran International телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, Иран «кейбір ұйымдар мен мемлекеттерге» ескерту жасаған. Егер Түрікменстан осы телеарнамен ынтымақтастықты жалғастырса, онда аталған арнаға байланысты нысандар мен инфрақұрылым Иран әскері үшін ықтимал нысанаға айналуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Басылымның жазуынша, Iran International Ұлыбритания аумағынан хабар таратады және сигналынТүрікменстанға тиесілі TürkmenÄlem 52E/MonacoSat спутнигі арқылы жеткізеді. Аталған спутник арқылы ондаған теле және радиоканал да эфирге шығады.
«Сионистік медиа Iran International Иран халқына қарсы ақпараттық және психологиялық соғыс жүргізіп отыр. Осыған байланысты Иран тарапы телеарнамен жұмыс істейтін тараптарға ескерту жасап, қолдау жалғаса берсе, олар Ислам Республикасының әскери нысаналар тізіміне енгізілуі мүмкін», – деді әскери өкіл.
Сонымен қатар Тегеран бұған дейін Түрікменстан мен Монако елдеріне де тікелей ескерту жолдағаны хабарланды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық