ҚТЖ-ның Атырау филиалы басшысы құпия есік арқылы жоқ болып кеткен
Фото: Әлеуметтік желіден
Жергілікті блогерлер «Қазақстан темір жолы» магистральдық желісі Атырау филиалының басшысы Аралбай Қосымбаевтың кабинетіндегі шкафтың ішіне жасырылған құпия есікті тауып алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың айтуынша, өздерінің қандай да бір шағымымен қабылдау уақытына келіп, қабылдау бөлмесінде ұзақ күткен. Қызметкерлердің сөзінше, басшы телефонмен сөйлесіп отырған.
Бірақ бір кезде блогерлердің шыдамы таусылып, кабинетке баса-көктеп кіріп барған. Сөйтсе кабинетінен шықпаған бастық ізім-ғайып жоқ болып кеткен.
Блогер әйелдердің бірі шкафты ашып қалып, ішінде жасырынып отырған ҚТЖ басшысын табамыз деп үміттенген. Алайда бастық одан да сенімді жерге кіріп алған сияқты.
Киім ілгіш пен құжаттардың арасында тығылып отырған бастықты көреміз деп ойлаған блогерлер шкафтың ішінде есікті көріп шалқадан түсе жаздады. Әйелге басшының жеке «құпия бөлмесіне» кіру бұйырмады, себебі есік құлыптаулы болған.
Осыдан кейін құпия бөлме әп-сәтте Атырау әлеуметтік желілерінің басты талқылайтын тақырыбына айналды. Енді жергілікті тұрғындар шкафтың ар жағында нақты не болуы мүмкін екенін болжап, әртүрлі жазба қалдырып «бастары қатып» отыр.
Бастысы сол күні блогерлер ҚТЖ филиалының басшысын көре алмаған.
Материал жарияланған сәтте «Қазақстан темір жолы» магистральдық желісі Атырау филиалынан ешқандай түсініктеме түспегенін ескертеміз.
Оқи отырыңыз:
- Алматы маңында пойыз бен жол талғамайтын көлік соқтығысты
- Павлодарда мердігерді қорқытып, ақша бопсалаған ҚТЖ-ның екі қызметкері 7 жылға сотталды
- Жаңадан тағайындалған индустрия министрі ЛТР ісі бойынша тергелді ме?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық