Артемида ІІ миссиясы: Адамзат тарихын дүр сілкіндірген жағдайға шолу
Фото: NASA
Адамзат тарихында сенсация жасаған Артемида ІІ миссиясын орындаған ғарышкерлер туралы жер бетіндегі барлық БАҚ шулап жатыр. Алғаш рет олар жерден ең алысқа ұшқан ғарышкерлер атанды Сонымен қатар құрамда алғаш ұшқан афроамерикалық пен әйел адам болды. Жалпы бұл жаңалық бойынша не белгілі?
Orda.kz тілшісі Артемида миссиялары бойынша шолу жасады.
Жалпы Артемида миссиясының 3 түрі бар. Олар: Артемида І, Артемида ІІ және Артемида ІІІ. Алғашқы миссия 2022 жылы жүзеге асқан. Ол да адамсыз ұшырылып, айды айналып қайтты. Ал қазірге Артемида ІІ адаммен ұшырылып айды айналып қайтпақшы. Артемида ІІІ алдағы жоспарда бар миссия. Онда айдың оңтүстік полюсіне қону жоспарланған.

Артемида ІІ не үшін бірден айға қона салмайды?
Осы тұста біздің ойымызға қайта-қайта айға ракета ұшыра бермей неліктен айға қона салмайды деген ой келуі мүмкін. Артемида ІІ миссияның басты ерекшелігі адамдармен жүзеге асырылатын алғашқы ұшу болғанымен, айға қону мақсатын көздемейді. Оның негізгі міндеті — болашақта жүзеге асатын Айға қону миссияларына толық дайындық жасау. Астронавттар Орион ғарыш кемесімен Айға дейін ұшып барып, оны айналып өтіп, қайта Жерге оралады. Бұл ұшу арқылы кеменің барлық жүйелері, соның ішінде өмірді қамтамасыз ету, навигация және қауіпсіздік жүйелері нақты адамдармен тексеріледі. Яғни, бұл миссия — толыққанды сынақ кезеңі. Сондай-ақ, айға қонбауларының тағы бір себебі – қонуға арналған арнайы аппараттардың болмауы. Қазіргі таңда Айға қону үшін Starship аппараты әзірленуде, оны SpaceX компаниясы жасап жатыр. Бұл техника әлі де сынақтан өтіп жатыр, сондықтан оны бірден адамдарға қолдану қауіпті.
Жалпы Артемида ІІ миссиялары жай ғана айды барып айналып келе салу емес, болашақта адамзаттың басқа планеталарға, әсіресе Марсқа ұшуына жол ашатын жоба болып саналады. Ғалымдардың айтуынша, Айда мұз түріндегі су бар. Бұл су болашақта оттегі мен зымыран отынын жасауға пайдаланылуы мүмкін.
Nasa ғарышкерлер нақты мына күні қонады деп белгілемеген. Олардың қону, қонбауы миссияны аяқтауларына байланысты. Артемида ІІ миссиясы шамамен 8-10 күнге созылады. 1 сәуірде аспанға ұшқан ғарышкерлер шамамен 10 сәуір күні қонуы мүмкін деп жоспарлап отыр. Ғарышкерлер айды айналып өткеннен кейін жерге қайтады. Ал олар парашютпен Тынық мұхитына қонады.
Оқи отырыңыз:
- NASA алғаш рет әйелдерді айға ұшырмақшы
- «Адамзат тура 55 жыл бұрын алғаш Айға аяқ басты»: Apollo 11 миссиясы
- NASA жарты ғасырдан астам уақыттан кейін Айға қайтадан адам аттандырды
- Илон Маск Ай мен Марсқа қала салуды жоспарлап отыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық