«Көзі ағып кеткен»: Ақтөбеде 18 жастағы курсанттың қазасына байланысты әскерилер сотқа тартылды
Фото: скриншот
Ақтөбе гарнизонының әскери соты Әуе қорғаныс күштері институтының қызметкерлері – майор Нұржан Айденов пен сержант Заманбек Төлегенге қатысты істі қарауға кірісті. Әскери қызметшілер курсанттың өліміне күдікті деп танылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотта Ақтөбеде парашютпен секіру кезінде мерт болған 18 жастағы Бақыт Асарбаевтың қазасына қатысты мән-жайлар баяндалды. Өз міндеттеріне салғырт қарады деп айыпталған майор мен сержант сот алдында жауап беруде. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы, 2-бөлігі («Қызметке салғырт қарау») бойынша айып тағылған.
Бүгін өткен алдын ала тыңдауда тараптардың өтінішхаттары тыңдалды. Тергеу барысында қамауға алынған күдіктілер қазіргі уақытта үйқамақта отыр.
Сотталушылардың қорғаушылары қылмыстық істі қосымша тергеу жүргізу үшін прокуратураға қайтаруды өтінді. Олардың пайымдауынша, оқиғаға кінәлі болуы мүмкін өзге де лауазымды тұлғалар анықталмаған. Сондықтан қорғаушылар істі қайта қарап, жауапкершілікке басқа да жауапты адамдарды тарту қажет деп есептейді.
«Тергеу кезінде барлық қоңырауға жауап беріп, тергеуге көмектестім. Ештеңе жасырмаймын. Тергеу изоляторында екі ай отырдық. Үйқамақ кезінде де ешқайда шықпай, үйден табылдық. Қандай да бір арам пиғылымыз жоқ. Сотқа уақытылы келіп қатысамыз. Төрт балам бар, ата-анам зейнеткер, ал әйелім жұмыс істемейді», – деді сотталушы Нұржан Айденов.
Сотталушы Заманбек Төлеген де қорғаушылардың өтінішін қолдады.
Ал мемлекеттік айыптаушы тараптың істі қайта тергеуге жіберу туралы өтінішін негізсіз деп тануды сұрады. Жәбірленуші тарап та күдіктілерді кінәлі деп санайды. Олардың пікірінше, әскери қызметшілердің өз міндетіне салғырт қарауы мен айқын кемшіліктердің салдары қайғылы оқиғаға әкеп соққан.
«Қайтыс болған баланың әкесі де – парашютші, ол істің мән-жайын жақсы біледі. Бүкіл отбасы – әскери қызметкерлер. Кінәлілерді шұғыл қамауға алу қажет, өйткені адам өлімі болды. Жаттығу кезінде курсант ауыр жарақат алып, көзі ағып кеткен. Ата-анасы қазір өте ауыр жағдайда отыр», – деді жәбірленуші тараптың қорғаушысы.
Сот тараптардың өтініштерін тыңдап, шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 15 шілдесінде Ақтөбеде Әуе қорғаныс күштері институтының 18 жастағы курсанты парашюті ашылмай қалып, мерт болған еді. Бақыт Асарбаев Мәртөк ауданы аумағындағы ұшу айлағында «Ми-8» тікұшағынан парашютпен секіру жаттығуын орындаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін айыпталушы әскери қызметкердің әйелі наразылық пикетін өткізген болатын.
Сот отырысы 2026 жылдың 5 қаңтарында жалғасады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Шымкентте туған қызын 4 жыл бойы зорлаған әкеге сот үкімі шықты
- Молдова ТМД құрамынан шығады: Депутаттар заң жобасын қабылдады
- Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасымен қазіргі геосаяси жағдайдың экономикаға әсерін талқылады
- Президент және Халық Кеңесі туралы заң жобасы сәуірдің соңына дейін Тоқаевтың қарауына ұсынылады
- Саясат Нұрбек президентке жаңа Конституцияның білім мен ғылым саласындағы әлеуеті жайында баяндады
- АҚШ Украина ісіне араласпауы керек еді — Трамп
- Қырғызстанда Тәшиевтің жиені тергеу изоляторынан босатылды
- Полиция қызметкеріне қол көтергендер қатаң жазаланады
- ҚМБД даулы жағдайларға қатысты мәлімдеме жасады
- NASA жарты ғасырдан астам уақыттан кейін Айға қайтадан адам аттандырды
- Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты
- Израиль Ирандағы соғыста үнсіз қалды ма? Таяу Шығыстағы жағдайға шолу
- Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі тарады: «Басшылар» қызметкерлерін тақырға отырғызады
- Жалған жұмысқа орналастырған: Ақтауда жүкті әйелдердің әлеуметтік төлемін заңсыз өсірген есепші сотталды
- Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Тоқаевтың Таяу Шығыстағы күрделі жағдайда көрсеткен нық әрі дәйекті қолдауына алғыс білдірді
- Қырғызстан аумағына Ресей ұшағынан оқ-дәрілер түскен
- Италия мен Түркия жағалауында 40-тан аса мигрант қаза тапты
- 15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды
- Александр Лукашенко Беларусь «соғысқа дайын» екенін айтты
- Трамп Иранды «тас дәуіріне қайтаратынын» мәлімдеді