Ақтөбеде парашюті ашылмаған курсанттың өліміне күдікті әскеридің әйелі пикет өткізді
Фото: Orda.kz
Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасының алдына тергеу изоляторында қамауда отырған Әуе қорғаныс күштері институтының сержанты Заманбек Төлегеннің әйелі наразылық пикетін жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбеде парашютпен секіру жаттығуын жасағанда мерт болған курсанттың өліміне екі әскери қызметкер күдікті деп танылды. Қазір офицер және сержант шеніндегі екі қызметкер тергеу изоляторында қамауда отыр.
Бүгін әскери прокуратураның алдына күдіктілердің әйелдері келді. Олар тергеудің бейтарап екеніне күмәнмен қарайды.
«Мен әскери қызметкер Заманбек Төлегеннің жұбайымын. Ол курсант өліміне қатысты қайғылы оқиғадан кейін қамауға алынды. Іс бойынша екі адам күдікті. Оның бірі — менің жолдасым. Ол өз қызметіне жауаппен қарады. Әскери қызметке өмірін арнады. Кінәсі болса, дәлел де болуы керек. Бұл орындаушының ғана кінәсі емес. Бұл іске қатысы бар әр адамның қателігінің нәтижесі. Парашютті кім жинады, оның толық жабдықталуына кім жауапты? Сұрақ көп. Менің жолдасым басқа әскерилер секілді орындаушы. Мен объективті тергеуді талап етемін. Сонда шындыққа жетуге болады. Біреудің жауапсыздығынан адам өлімі болмас үшін тәртіп орнатуға, реформа жасауға осы оқиға себеп болу керек. Біз кінәлілердің барлығын жауапқа тартуды талап етеміз», — деді күдіктінің әйелі Алтынай Төлегенова.
Әскери прокуратураның алдына іс бойынша күдікті деп танылған екінші әскери қызметкердің де әйелі келді.
«Мен офицер Нұржан Айденовтің жұбайымын. Тергеу бейтарап жүріп жатқан жоқ. Біреуді жазалау керек болды. Біз бұл оқиғаға басқа адамдар да кінәлі деп ойлаймыз», — деді әскери қызметкердің әйелі Наргиз Айденова.
Әскери прокуратура қайғылы оқиғаға қатысты екі адамның күдікті екенін растады. Қазір тергеу амалдары аяқталған. Іс жақында сотқа түседі.
«2025 жылы 15 шілдеде оқу-жаттығу барысында әскери институт курсанты Асарбаевтың парашюті ашылмай, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осы факті бойынша әскери тергеу басқармасымен ҚК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Күдікті ретінде оқу-жаттығу жетекшісі және секіру алдындағы тексеруші танылды. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір тергеу әрекеттері аяқталып, қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Басқа да лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы уәж бойынша айтар болсам, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында істің барлық мән-жайы жан-жақты зерттелді. Бұған парашют техникасын пайдалану саласындағы мамандар тартылып, тиісті қорытындылар, сарапшылардан жауап алынды», — деді Ақтөбе гарнизоны әскери прокуроры Ролан Жеңісбаев.
Айта кетейік, 2025 жыл 15 шілде күні Ақтөбеде Әуе қорғаныс күштері институтының 18 жастағы курсанты мерт болды. Бақыт Асарбаев Мәртөк ауданы аумағындағы ұшу айлағында «МИ-8» тікұшағынан парашютпен секіру жаттығуын жасады. Парашют ашылмай, курсант алған жарақатынан қаза болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық