Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты
Фото: Бейнеден кадр
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың бостандыққа шыққанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство өкілдері сот тағайындаған мерзімнің аяқталуына байланысты оның босатылғанын мәлімдеді.
«Аталған сотталған азамат сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды», деп хабарлады комитет.
Нұрасыл Болаттың есімі 2023 жылдың 11 ақпанынан бастап кеңінен тарады. Отардағы әскери бөлімде борышын өтеп жүруі тиіс болған Нұрасыл Болат Алматыда бой көрсеткен. Ол адвокаттар Олег пен Анна Черновтарды соққыға жыққан.
Осы іс бойынша сол жылдың 9 қазанында әскери сот оны бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірді деп тауып, 1,7 млн теңге айыппұл салды. Кейіннен 2024 жылдың 14 мамырында Жоғарғы сот үкімді өзгертіп, депутаттың ұлына 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті.
Алайда ол түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарға баруға салынған тыйымды елемей, 14 қазанда тойда жүрген жерінен ұсталды.
Пробация шарттарын қасақана бұзғаны үшін 2024 жылдың 21 қазанында Медеу аудандық соты оның өтелмеген жазасын нақты қамауға алумен алмастырып, сот залында кісен салды.
Жазаны ауыстыру кезінде Нұрасыл Болат бас бостандығын шектеудің 6 ай 12 күнін өтеп үлгергендіктен, қалған 1 жыл 5 ай 18 күнді орташа қауіпсіздік колониясында өткізуге міндеттелді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық