Молдова ТМД құрамынан шығады: Депутаттар заң жобасын қабылдады
Фото: STR
Молдова парламенті елдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамынан шығу туралы заң қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz Meduza-ға сілтеме жасап.
Негізгі келісімдерді денонсациялау үшін 101 депутаттың 60-ы дауыс берді. Коммунистер мен социалистер қарсы шықты. Олардың пікірінше, Молдованың ТМД-дан шығуы ел экономикасы үшін «апатты салдарға» әкелуі мүмкін. Бұрынғы президент Владимир Воронин бұл шешімді «экономика үшін трагедия» деп атады.
Молдова ТМД-дан шығу процесін қаңтар айында бастаған еді. Енді заң жобасына президент Майя Санду қол қоюы керек. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі барлық құжаттарды ТМД Атқарушы комитетіне жібереді. Ел ұйым құрамынан толықтай 12 ай өткен соң шығады.
Айта кетейік, Молдова билігі ТМД-дан шығу жоспарын алғаш рет 2023 жылдың желтоқсанында мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық