ҚМБД даулы жағдайларға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Muftyat.kz
ҚМБД бас мүфтиінің кеңесшісі қоғамда қызу талқыланған даулы оқиғаларға байланысты пікір білдіріп, жеке мұсылманның қателігін дінмен байланыстыру қате екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас мүфти кеңесшісі, ұстаз Смайыл Сүйерқұлұлы ҚМБД дін мен дәстүрді сабақтастырып насихаттап келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, жеке бір мұсылманның қателігін тұтас діннің кемшілігі ретінде көрсету — қате түсінік. Ол Құрбанәлі Ахметтің айналасындағы жағдайға да тоқталып, оның ҚМБД-ға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
«Ислам діні — кәміл дін, дінде кемшілік жоқ, кемшілік пендеде. Мұсылман адамның жасаған өрескел ісі немесе қателігі үшін ислам дінін қаралаудың қажеті жоқ. Соңғы күндері елімізде болып жатқан жағдайларға ҚМБД алаңдаушылық білдіреді. Кейбір адамдардың әрекетін діннің немесе ҚМБД-ның атынан жасалған деп қабылдау дұрыс емес», — деді ол.
Сондай-ақ, Смайыл Сүйерқұлұлы әлеуметтік желіде тараған Құрбанәлі Ахметке қатысты даулы подкастқа пікір білдірді. Айтуынша, исламда ерлі-зайыптылар өзара түсінісе алмаған жағдайда ажырасуға рұқсат етіледі. Алайда, шариғатта әйеліне әдейі ажырасып, басқа адамға тұрмысқа шығуын талап ету деген түсінік жоқ. Сонымен қатар, ол Құрбанәлі Ахметтің ҚМБД-да жұмыс істемейтінін және оның муфтиятпен ешқандай байланысы жоқ екенін атап өтті. Бұдан бөлек, ҚМБД өкілі Наурыз мерекесін тойлау ұлттық құндылық ретінде бағаланатынын жеткізді.
Оқи отырыңыз:
Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
Ермұрат Бәпи: Өз әйелін хайуан ұқсатып, сыйға беру — қылмыс
Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық