Италия мен Түркия жағалауында 40-тан аса мигрант қаза тапты
Ливия мен Ауғанстаннан шыққан заңсыз мигранттар резеңке қайықтармен жүзіп өтпекші болған. Еуропа елдерінің жағалауына жетуге тырысқан 40-қа жуық мигрант жоай қаза тауып, тағы бірнеше ондаған адам зардап шекті, деп хабарлайды Orda.kz.
1 сәуір күні Италияның жағалау күзеті Лампедуза аралы маңынан адамдарға лық толы резеңке қайықты анықтады. Қайықта 77 адам болған, олардың 19-ы құтқарушылар жеткенге дейін қайтыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың кейбірі суықтан үсіп, біразы қайық түбінде жиналған көмірсутек буларынан уланып көз жұмған. Тағы бес адамның жағдайы өте ауыр болған.
Лампедуза аралы Жерорта теңізі арқылы Солтүстік Африкадан Еуропаға бағыт алған мигранттар үшін негізгі бағыттардың бірі болып қала береді.
Тағы бір резеңке қайық Мугла провинциясы жағалауында апатқа ұшырады.
Түркия жағалау күзетінің мәліметінше, оншақты мигрант мінген қайық патрульдің тоқтау туралы ескертуін елемей, жоғары жылдамдықпен қашуға тырысып нәтижесінде аударылып кеткен. Эгей теңізінен 19 адамның мәйіті табылды, олардың арасында бір бала да бар. Шамамен 20 мигрант құтқарылды.
Мугла провинциясының губернаторы Идрис Акбыйк барлық мигранттардың Ауғанстаннан шыққанын және Грекия аралдарына қарай бет алғанын айтты.
Халықаралық көші-қон ұйымы деректеріне сәйкес, жыл басынан бері Орталық Жерорта теңізінде 624 мигрант қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық