Қожамұратова ісінде 392 құжат жарияланып, 298 жәбірленушіден жауап алынды
Фото: Orda.kz
Арайлым Қожамұратова ісінде 392 іс құжаты жарияланып, 298 жәбіленушіден жауап алынды. Сот сотталушылардан жауап алуды бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Арайлым Қожамұратоваға қатысты кезекті сот отырысы өтті. Cот отырысында негізінен сотталушылардан, яғни Арайлым Қожамұратовадан жауап алу басталуы тиіс еді. Алайда судья Самал Кеңесова бұған дейін жарияланған 352 іс құжатына қосымша тағы 40 құжат бар екенін айтып, оларды жариялауды ұйғарды.
Сот залына уақытша ұстау изоляторынан 10 сотталушы жеткізілді. Сонымен қатар, үш сотталушы кепілмен босатылып, сот процестеріне қатысып жүр. Еске сала кетейік, бұл іс бойынша Арайлым Қожамұратовадан бөлек тағы 13 адам сотталушылар қатарында. Олардың басым бөлігі — оның жақын туыстары.
Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырыстарында Арайлым Қожамұратоваға қатысты 352 іс құжаты жарияланып, 298 жәбірленуші мен 7 куәгерден жауап алынған. Жәбірленушілердің көпшілігі Қазақстанның әр өңірінен болғандықтан, сот отырыстарына негізінен онлайн форматта қосылды.
Іс материалдарын жариялау барысында тіркелген екі дискіде Қапшағай тас жолы бойында орналасқан қоймадан тергеушілер тергеу барысында Қожамұратоваға тиесілі тауарларды үш контейнерге тиеп алғаны көрсетілген.
Қорғау тарапының адвокаты Рышқалиев қоймадағы осы тауарларға қатысты сараптама жасалмағанын айтты. Сонымен қатар, оның сөзінше, үш контейнердегі тауар негізінен жәбірленушілердің жартысына таратылуы тиіс болған, алайда олар бұл тауарды әлі күнге дейін ала алмай отыр.
Судья бұл мәселеге кеңесу бөлмесінде құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Еске салайық, іс 2023 жылы тергеле бастағанымен, сот процесі тек 2025 жылдың мамыр айында басталды. Айс Мұратова есімімен танымал кәсіпкер Арайлым Қожамұратова Қытайдан арзан тауар әкелемін деп азаматтардан ақша жинап, уәде етілген тауарды жеткізбеді деген күдікпен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық) бойынша айыпталып отыр.
Келесі сот отырысы 26 ақпанда өтетін болады, Orda.kz сот залынан хабар тартауды жалғастырады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық