Қожамұратова ісі: сотта 49 жәбірленушінің жауабы оқылып, 56 том құжат жарияланды
Фото: Orda.kz
Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Арайлым Қожамұратоваға қатысты іс қаралуда. Соңғы отырыста прокурор 49 жәбірленушінің жауабын оқып, сот 55 том іс материалдарын жариялауға кірісті. Қорғау тарабы іс құжаттарында бірқатар заңбұзушылықтар бар екенін мәлімдеді деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында куәлардан жауап алынған. Ал 6 ақпанда өткен сот отырысында прокурор 49 жәбірленушінің жауабын оқып берді. Оқылған жауаптардан мәлім болғандай, жәбірленушілердің басым бөлігі Арайлым Қожамұратованы қайдан тапқанын, қандай WhatsApp топтарына тіркелгенін және қандай қаражатқа тапсырыс беріп, оның ішінде қаншасына тауар алғаны айтылды.
Көпшілігі Қожамұратованы әлеуметтік желі арқылы тапқанын жеткізсе, кейбірі таныстарынан естіп, Қытайдан арзан тауар алу үшін тікелей WhatsApp-тағы топтарға қосылған. Ал бұл топтарға кіру құны 300 мың теңгеден басталған. Прокурор Кәнісова 49 жәбірленушілердің жауабын оқу барысында белгілі болғандай, Қожамұратова тапсырыс берілген тауар 6 айға дейінгі мерзімде келеді деген екен.
Сонымен қатар, прокурор кейбір жәбірленушінің жауабын оқу барысында Арайлым Қожамұратоваға немесе «Шын Сауда» ЖШС-не тауар үшін аударылған қаражатты растайтын төлем құжаттары дәлел ретінде тіркелмегенін айтылды. Яғни, жәбірленушілер көрсеткен ақшаны растайтын төлем аударымдары кейбір жауаптарда жоқ болып шықты.
Іс құжаттарын зерделеу
Сот негізгі жәбірленушілер мен куәлардың жауабын тыңдауды аяқтап іс құжаттарын зерттеуге көшті. Алайда қорғау тарабы адвокаттары іс құжаттары жарияланбас бұрын кейбір жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарын қайта нақтылауды сұрады. Олар жауап алу тәртібін сот процесі басталғанға дейін судьяның өзі бекіткенін атап өтті. Судья өз кезегінде іс материалдары жарияланатынын, бірақ қажет болған жағдайда куәлар мен жәбірленушілердің жауаптары нақтыланатынын айтты.
Бұл іс бойынша 298 адам жәбірленуші деп танылған. Олардың басым бөлігі Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде тұратындықтан, сот процесі негізінен онлайн форматта өтуде. Іс бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 4,6 млрд теңге болды. Алайда қорғау тарабының адвокаттары жәбірленушілер саны мен көрсетілген шығын негізсіз ұлғайтылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, осыған дейінгі сот процесінде Қожамұратованың адвокаттарының айтуынша, кейбір менеджерлер азаматтардан тауарға тапсырыс пен қаражатты қабылдап, оны Қожамұратоваға да, «Шын Сауда» ЖШС-не де аудармаған. Соған қарамастан, аталған менеджерлер мен олар арқылы тапсырыс берген адамдар жәбірленуші ретінде танылған. Осылайша, айыптау актісіндегі шығын ұлғайып кеткен деп айтқан еді қорғау тарабы.
Жалпы бүгін басы-аяғы іске қатысты 56 том құжат жарияланды. Іс құжаттарын зерделеу кезеңінде мәлім болғандай қорғау тарабы адвокаттар іс құжаттары көптеген заңбұзушылықтармен жазылғанын айтты. Яғни, осы істі 8 тергеуші жүргізгенін әрі олардың кейбірі тіпті құжаттарға да қол қоймағанын айтты.
«Іс құжаттарында ақпаратты есепке алу кітабына, яғни, қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды тіркейтін база мен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде істің тіркелген күні әртүрлі көрсетілген екен. Мысалы, қылмыс туралы арыз тіркелмей жатып бір жәбірленуші деп тіркеп одан жауап алып қойған. Яғни, іс тіркелмей жатып, процесуалдық шешім тіркеліп қойған» ,— деді адвокат Сағынтай Рышқалиев.
Айта кетейік, сот залында бір жәбірленуші мен оның адвокаты болды, алайда олар сот барысында айтылған жауаптарын әрі аты-жөнін жазбауды сұрады.
Адвокат Айдос Қалжатбайдың айтуынша, судья бұған дейін сотталушылар бұл кезеңге офлайн қатысады деп көрсеткенімен, қазіргі уақытта олар онлайн қатысып отыр.
«Сотталушылар онлайн қатысып отырғандықтан, сот залында айтылған мәліметтерді толық естіп, істің мән-мағынасын толық түсініп отыр ма деген күмән бар. Қылмыстық-процестік кодекстің 228-бабына сәйкес, сотталушылар іс материалдарымен танысуға және қажет болған жағдайда олардың көшірмесін алуға құқылы. Алайда Қожамұратова 100 томнан астам материалмен толық таныспаған. Бүгін сотта 56 том іс материалы зерделенді. Біз тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органы тарапынан бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгенін байқап отырмыз. Кейбір тергеу әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелмей тұрып жүргізілген», — деді адвокат Айдос Қалжатбай.
Еске сала кетейік, осы іс бойынша Арайлым Қожамұратовадан бөлек тағы 13 адам сотталушы қатарында. Олардың басым бөлігі — оның жақын туыстары. Қазіргі уақытта сотталушылардың ішініде үш адам кепілмен босатылып, сотқа қатысып отыр, ал қалған он сотталушы тергеу изоляторында қамауда.
Жаңалықтар
- Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешовтің үйі аукционға шығарылды
- Президент бюджет жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді
- «Көлігіңмен қоса өртеп жіберемін»: Астаналық такси жүргізушісіне жолаушы қоқан-лоқы көрсеткен
- Астанада бес жасар баланы ойын алаңында ток соғып, жансақтау бөліміне түсті
- Жамбыл облысында 19 жастағы әйел «Барниге» бола күйеуімен жанжалдасып, кейін қайтыс болды
- «Бір күнде 14 айыппұл»: Алматы облысында жүргізушілер жол камераларына шағымданды
- 16 жастағы қыз қаза тапты: Алматы облысында бір топ жасөспірім жол апатына түсті
- Азия чемпионаты: Еліміздің ауыратлеттері 59 медаль алып, бес әлемдік рекорд орнатты
- Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты алғаш рет пікір білдірді
- Экс-депутат Базарбек қағып кеткен адамның жағдайы белгілі болды
- Қазақстандағы блэкаут: Қырғызстан KEGOC мәлімдемесіне жауап берді
- Мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған: Оқиғаның жай-жапсары
- Иран АҚШ-тың әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған сарбазы үшін 30 мың доллар төлеуге дайын
- «Бұл арандату емес»: Бақытжан Базарбектің туыстары жол апаты туралы пікір білдірді
- Жаңатоған ауылының тұрғындары өртпен өздері күресіп жатыр: Бір адам ауыр жараланды
- «15 млн теңге бер, әйтпесе қылмыстық жауапкершілікке тартамыз»: Түркістанда жалған ҚМА қызметкерлері ұсталды
- Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазына кіруіне тыйым салды
- Анкарада Әлихан Күриш қамауға алынды: Тергеу барысында 200 келі алтын тәркіленді
- Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында адам қағып кетті ме? Полиция не дейді?
- ЕАЭО орнына: Мирзиёев Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біріктіруді ұсынды