Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен Түркістанда!
10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешені ашылды.
2019 жылы желтоқсан айында басталған инвестициялық жобамен «Turkistan Tourism City» компаниясы айналысты. Туристік кешен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығы аймағындағы 20,5 га аумақта орналасты. Кешен 4 мыңнан астам адамды тұрақты жаңа жұмыс орнымен қамтиды.
Кешенде Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар. Барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы «қайық шеруі» театрландырылған шоуы өткізіледі.

«Керуен-сарай» кешені Орталық Азияда баламасы жоқ бірден бір туристік нысан болмақшы. Ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейінгі өңірге туристер мен инвестиция тартатын басты орталық болуы тиіс.
Ғимараттың жалпы ауданы 11 мың шаршы метрден асады. Кешен заманауи жабдықтармен және театр жұмысына қажетті барлық бөлмелермен жабдықталған. Көрермендер залының сыйымдылығы 510 адам.

Сонымен қатар ғылыми-әмбебап кітапхана бар. Бұл ақпарат пен шығармашылыққа арналған бірегей хаб болады. Ғимараттың үш қабатында оқу залдары, коворкинг-орталықтары, фото-бейне- және аудиожазба, каллиграфия, қыш өнері студиялары, шеберханалар, 3D-модельдерді жасауға арналған шеберханалар, кино-концерт залы, кофеханалар, кітап кәдесыйлары мен қолдан жасалған бұйымдар дүкендері орналасқан.
Кітапхананың ғылыми-зерттеу орталығында кітап сақтау қоймасы, сирек кездесетін кітаптар мен көне заманғы қолжазбаларды сақтауға арналған бөлім, құжаттарды, кітаптарды цифрландыру және консервациялау цехтары, оның ішінде Орталық Азиядағы тотығуға қарсы құрылғымен жабдықталған бірден-бір цех бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық