Костенко шахтасындағы қаза: күдіктілердің аты-жөні жарияланды
Фото:
Костенко шахтасында қаза тапқан 46 кеншінің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс бойынша он адам күдікті деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратура апатқа кімнің кінәлі екенін айтпады. Тергеу жалғасып жатыр.
«Шындығына келгенде, бұл бізге үлкен трагедия. 46 кенші опат болды. Қазір он адам тергеліп жатыр. ArcelorMittal компаниясына қатысты да істер бар, бірақ оның қай деңгейде екенін айта алмаймын. Былтыр қазанның 28-не қараған түні Костенко шахтасында метан газы жарылды. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, қызыл жалын алты шақырым жерге жайылып, төрт учаскені шарпыған. Сол түні жер астында жүрген 252 кеншінің 46-сы көз жұмды. Одан бері бір жыл өтсе де, алапат апатқа нақты кім кінәлі екені әлі белгісіз. Өйткені тергеу толық аяқталмаған», - деді ҚР Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.
Тергеу қорытындысы бойынша кеніш басшыларының арасынан күдікті 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 9-ы қамауда:
1. C.И.Мустивко – шахта директоры, шахта қазбаларын ақаусыз жағдайда ұстауды, шахта жұмысшыларының өндірістік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын, жабдықтарды уақтылы жөндеу мен көмір өндіру технологиясының сақталуын қадағалауды қамтамасыз етуге міндетті;
2. Н.Н.Грознов – шахтаның бас инженері, өндірістің инженерлік қамтамасыз етілуін бақылауға, газ, шаңның таралуы, кенеттен болатын шығарындылар негізінде түзілімдердің қауіптілігі бойынша санатын анықтауға және өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын тексеруге міндетті;
3. В.А.Еремин – кеніш директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, технологиялық процестерді ұдайы бақылауға, шахталық жабдықтардың қауіпсіз және сенімді жұмысын қамтамасыз етуге, қауіпсіздік ережелері мен технологияларының бұзылуын жоюды ұйымдастыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жай-күйін тексеруге міндетті;
4. Д.Ю.Федоренко – бас инженердің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары, шахтадағы қауіпсіздік жұмыстарын ұйымдастыруға және бақылауға, өнеркәсіптік қауіпсіздікке тексеру жүргізуге, шахтада жол берілмейтін және қауіпті тәуекелдерді анықтауға, желдету учаскесі жұмысын қадағалауға міндетті;
5. В.В.Шишканов – желдету және қауіпсіздік бөлімінің бастығы, шахтадағы желдету және газ жағдайлары сенімділігін қамтамасыз етуге, желдету, газсыздандыру, газды сору бойынша шараларды әзірлеуге, көмір шаңымен күресуге, көмір шаңының таралуын болдырмауға және оқшаулауға міндетті;
6. В.Ю.Пестряк – Желдету және қауіпсіздік бөлімінің шаң жарылысынан қорғау жөніндегі бастығының көмекшісі, көмір шаңымен күресу және шаң жарылысынан қорғау шараларын уақтылы орындауды қамтамасыз етуге міндетті;
7. В. П.Котенков – апат басталған №6 учаскенің бастығы, желдету, шаң-газ режимі, өрт сөндіру құралдары, адамдарды құтқару жағдайын сақтауға, шаңға, кенеттен болатын шығарындыларға және жер асты өртіне қарсы іс-шаралардың толық орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;
8. Т. Х. Ғабдушев – конвейерлік көлік учаскесінің бастығы, учаскедегі шаң-жарылыстан қорғау іс-шараларын, көмір шаңын тазалауды, ылғалдандыруды қамтамасыз етуге міндетті;
9. В.В.Гонноченко – бас инженердің қазу жұмыстары жөніндегі орынбасары, қыркүйек айында бас инженер қызметін атқарды, өндірістің инженерлік қамтамасыз етілуін бақылауға, газ, шаңының таралуы бойынша санатын, кенеттен боатын шығарындылар бойынша қабаттар қауіптілігін анықтауға және өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын тексеруге жауапты;
10. Д.С.Коцар (сыртқа шықпау туралы қолхат) – тергеу нәтижесінде күдікті деп танылған шахтаның бас механигі, кетпеу және тиісті мінез құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.
Оларға шахта жабдықтарын тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша бақылау және өз міндеттерін тиісті деңгейде орындау қамтамасыз етілмеген. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды.
Еске салайық, былтыр, 28 қазан күні Костенко атындағы шахтада апат болып, 46 кенші мерт болған еді.
Жаңалықтар
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады