Қостанайда полициядан қашқан ер адам опат болды
Фото: әлеуметтік желіден
Қостанай облысында полицейлерден жасырынуға тырысқан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Полицияның мәліметінше, патрульдік полиция ВАЗ-21093 көлігін тоқтатады. Жүргізуші оларды көре сала, жаяу жүргіншіге жол бермей қаша жөнеледі.
Жүргізуші полицейлердің артынан қуып келе жатқанын біліп, қарсы жолаққа шығып, бетон тірекке соғылып, сол жерде қайтыс болды.
«Айналма жолайрығында жүргізуші қарсы бағытқа шығып, жарық бағанына соғылды. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Ал жолаушы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады полиция.
Қаза тапқан ер адамның көлігінде туған бауыры отырған. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның өміріне төніп тұрған қауіп сейіліп, жансақтау бөлімінен профильдік палатаға ауыстырылды.
Тексеріс барысында марқұм ер адамның бұрын мас болып көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
Айта кетейік, Көлсай маңындағы жол апатынан флиппиндік турист қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық