Көлсай маңындағы жол апатынан флиппиндік турист қаза тапты
Фото: Бейнеден кадр
«Көлсай көлдері» ұлттық саябағында жол апаты болып, бір турист қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпаратты бізге гид хабарлап, куәгерлер түсірген бейнежазбаны редакцияға жіберді. Оның айтуынша, қонақтарды Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Саты ауылының тұрғыны тасымалдап жүрген.
«Ол туристерді тасымалдап, қызмет көрсететін. Сол күні филиппиндік туристерді Қайыңды көліне қарай апара жатқан. Көлік аударылып, екі турист қаза болды. Жүргізуші жылдамдықты асырып, қарсы бағыттан жүк көлігі шыққанда рөлге ие бола алмай қалған», – деді гид.
Гид берген мәліметке сүйенсек, апат 30 қарашада болған. Біздің ресми сауалымызға Алматы облыстық полиция департаменті жауап берді. Олар бір адамның қаза болғанын нақтылады.
«Кеген ауданында болған жол-көлік оқиғасынан кейін қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала дерек бойынша, Toyota Sequoia жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Оқиға орнында бір жолаушы көз жұмды. Тағы бесеуі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департамент.
Жүргізуші қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін де ауыр апат тіркеліп, жеті адам қаза болған еді. Алматы – Бішкек тас жолындағы сол апатта спортшылардың қаза тапқаны жарияланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық