Қостанай облысында әкімнің орынбасары кеңсесін жөндеймін деп сынға қалды
Фото: telegram/ Письма президенту
Желіде Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Письма президенту» телеграм арнасында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаның өз кеңсесіне күрделі жөндеу жүргізіп, құрылыс нормаларын бұзғаны жазылған. Ол орынбасарлық қызметке 2024 жылдың шілдесінде кіріскен екен. Содан бірнеше ай өткен соң кеңсесіндегі құрылыс нормаларын бұзып, ғимарат дәлізіне дәретхана орнатыпты. Ал оған ең жақын кәріз құбыры ғимараттың басқа жағында орналасқан екен.
Әкімдік бұл ақпаратты растамады. Олардың мәліметінше, Мұсағазинаның кеңсесінің қабырғалары ғана сырланған. Әрі әкім орынбасары жөндеу жұмыстарының ақшасын өзі төлепті.
Әкімдік кеңсе ішінің өзгермегенін айтады. Алайда нысан ішін көруге ниетті журналистерді әкімдік қызметкерлері кіргізбей қойған. Себебі әкім орынбасарларының кеңсесі шектелген аумақ санатына жатқызылады екен.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді