Қоспаевтың қылмыстық тобы Қазақстандағы алкоголь бизнесін қалай тартып алды
Коллаж: Orda.kz
Қоспаев бандасының құрбандары арасында Алматы мен Атыраудың кәсіпкерлері болған. «Адамжегіш» деген лақап атпен танылған Елдос Қоспаев жылдар бойы еш қысылмастан алкоголь бизнесін тартып алып, басқарғанын Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеушісі Сергей Онгирский Jibek Joly телеарнасына айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Зардап шеккендердің бірі — Алматыда табысты жұмыс істеген Profit Trade Group компаниясының иесі, кәсіпкер Видади Ахмедов. Бұл бизнесті Қоспаев байқап қалып, іске кіріскен.
«Ол жақсы айналым, табыстылық, түсім бар екенін көреді. Сосын өз адамын қосады, ол адам біртіндеп бүкіл ішкі жүйені зерттей бастайды», — дейді тергеуші Сергей Онгирский.
Кейінірек Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы Ахмедовпен кездесіп, «әріптестік» ұсынады. Алайда бұл ұсыныс шын мәнінде — қорқытып, бизнесті күшпен тартып алу болатын. Өміріне қауіп төнген Ахмедов амалсыз көнеді. Осылайша компания біртіндеп Коспаевтың тобына өте бастайды. Оның үстіне компанияға бұрыннан енгізілген адам — Камардин Алымов — енді ҰҚТ мүддесі үшін ашық түрде әрекет ете бастайды.
«Ол солардың бұйрықтарын орындай бастады. Компанияның нақты басшылары мен құрылтайшылары бұған қарсы болғанымен, не істерін білмеді. Ол кезде қарсы тұру олардың өздері үшін қауіпті болуы мүмкін еді. Сондықтан келісуге мәжбүр болды. Ақырында шеттетілді. Ахмедовтың барлық қаржылық жолдары «блокталғаннан» кейін, ол 2018 жылдан бастап ақша ала алмай қалды. Ал компанияны Қоспаев өзі басқарды, әрі заңды, әрі заңсыз қызметпен айналысты».
Осылайша компания алкогольді заңды түрде сатумен қатар, салық төлемей, есепке алынбаған өнімдерді де сатқан. Қара касса арқылы жұмыс істеген.
«Осы қаражатқа олар қымбат көліктер, жылжымайтын мүліктер, пәтерлер, оның ішінде AV-construction компаниясынан да сатып алған. Шетелде де мүлік алған. Жалпы алғанда, сән-салтанатқа толық бөленіп, шалқып өмір сүрген».
Бұл схеманың тиімділігін көрген банда ауқымын кеңейте бастайды. Олар енді батыс өңірге көз салған. Сол жақта Қоспаев кәсіпкер Александр Азовскийдің бизнесін байқап, оған да таңдаусыз «әріптестік» ұсынады.
«Кәсіпкердің батыс аймақта алкоголь өнімдерін сатумен айналысып жүргенін көрген Қоспаев оған компания ашуды ұсынады. Сөйтіп, Azovito-Aktau және Azovito-Atyrau компаниялары құрылады».
Азовский бұл бизнеске өз қалтасынан 400 миллион теңге салған. Ал Қоспаев бір тиын да салмаған. Бірақ компаниялардан жүздеген миллион теңге табыс түскен. Олар да заңсыз саудамен айналысқан. Азовский бұл істе болғысы келмеген, сол себепті Қоспаевқа өз үлесін сатуды ұсынған. Алайда «адамжегішпен» бір рет сөйлескеннен кейін үлесін тегін беріп жіберген.
«Бұл (рейдерлік құрбандары — авт.) адамдар егер олардың талаптарын орындамаса, салдары ауыр болатынын жақсы түсінген. Сондықтан айтқанының бәрін істеген. Бастапқыда Қоспаевқа қарсылық білдіргенімен, кейін ол «өз адамдарын» жіберіп, «өз тілінде» сөйлескен. Сол кезде бәрі тынышталып, үнсіз қалған. Қандай заңсыздық болып жатқанына қарамастан, ешкім ештеңе істей алмаған».
Ақырында кәсіпкерлерге бизнестері қайтарылды. Бірақ ол үшін жылдарға созылған тергеу мен сот процестері қажет болды.
Елдос Қоспаев, яғни «адамжегіш» марқұм Болат Назарбаевтың оң қолы деп танылған. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім осы жылдың қаңтар айында шыққан. Елдос Қоспаевқа 15 жыл, Айдос Қоспаевқа 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Болат Назарбаевтың қолшоқпары Қоспаевтың соты жабық өтті.
Биыл мамыр айында Назарбаевқа қатысты қылмыстық топтың Байбектің әкесіне мүлік сатқаны белгілі болды.
Сондай-ақ, жақында Алмас Әбдіғаппаровтың анасы «Прокуратура Қоспаевтың қылмыстық тобына жұмыс істеп отыр» деп президентке жүгінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық