«Көптен күткен баласын өлтірді»: Горький паркінде өз-өзіне қол жұмсаған әйел туралы тың дерек шықты
Фото: Orda
Алматы облысы Іле ауданы Арман ауылының Юлия атты тұрғыны 24 маусымда қаладағы демалыс саябағында өзіне қол жұмсады. Ол шолу дөңгелегінен секіріп, сол жерде мерт болды. Кейінірек, ол үйінде 5 жасар қызын тұңшықтырып өлдірді деген ақпарат шықты.
Orda.kz тілшісі Арман ауылына барып, оқиғаның мән-жайын аңықтады.
Саябаққа барғанға дейін ол 2018 жылы туған қызы Варвараны үйінде тұншықтырып өлтірген.
Көршілері Юлияның тұрмыстық жағдайының жақсы болғанын, ешқандай ұрыс-керіс естімегендерін айтады. Юлияның күйеуі ІТ маманы болып жұмыс істейді. Олардың отбасылық жағдайы жақсы болған, жақында ғана көлік сатып алған. Жылыны бір рет шетелге демалуға баратын.
Олар бұл ауылда 10 жылдай тұрған. Алматыда да пәтерлері бар.
Отбасы сәбилерін ұзақ күткен. Көршілері ата-анасының қызына барлық жағдайын жасап, аула ішіне бассейн мен төбешік орнатқанын айтты. Бұл жанұяның тағдыры осылай болатынын ешкім ойламаған да.
Көршілері Юлияның қызын үнемі жетектеп жүретінін, кейде жаздың ыстығында қалың киім киетінін байқаған, бірақ психикалық ауытқуы туралы ештеңе естімеген.
«Өзі де, күйеуі де қыздарын үнемі жетектеп жүретін. Марқұм әйел ыстық кезде қалың киіммен жүретін. Аяғына қалың қыстық етік киіп алып жүргенін барлық көршілер бірнеше рет көріпті. Қызын да қалың киіндіріп қоятын. Бірақ психикалық ауруы туралы естіген жоқпыз. Сырт көзге тым жақсы отбасы», – деді Сарбиноз есімді көршісі.
Юлия әпкесі Яна Афонинаға барып, қызын өлтіргенін айтқан соң, қашып кеткен. Яна дәл сол Максим Горький атындағы саябақтың маңында тұратын. Полицияға да бұл туралы Яна хабарлады. Бұл туралы көршілері де білмеген.
Қызын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ауыл тұрғындары тек полиция келіп, күә ретінде сөзге тартылған кезде білді.
«Біз полиция келген кезде үйге кірдік. Әкесі өзіне қол жұмсап қоймасын, қарап қойыңыздар деген соң кірдік. Әкесі үн-түнсіз диванда жатыр екен. Ол жұмыстан келіпті. Кішкентай Варварамен үлкен немерем үнемі ойнайтын. Бірақ ешбір кемшілік байқаған емеспіз», – деді тағы бір көршісі Ольга.
Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, бірақ басқа ақпарат жарияланған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық