Қонақ үйде оқушымен бірге ұсталған мұғалім туралы жаңа деректер шықты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қонақ үйде оқушымен ұсталған мұғалімге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрдің айтуынша 2025 жылғы 20 мамырда үкіметтегі брифингте 14 жастағы оқушыны зорлады деп күдікке ілінген мұғалімге қатысты резонанс тудырған істі «өрескел әрі мүлдем жол беруге болмайтын жайт» деп айтты.
«Біз жедел әрекет еттік. Өздеріңіз білесіздер, бізде балалардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігіне қатысты кез келген жағдай бойынша арнайы алгоритм бар. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс істеп жатыр. Біз дереу тиісті шара қабылдадық. Мен мынаны ерекше атап өткім келеді: бұл жағдай Алматы қаласында емес, Алматы облысында болғаны анықталды. Және «мұғалім» деп аталған адам мектепте ешқашан жұмыс істемеген. Сондықтан бұған да назар аудару қажет. Алайда бұл оның мойнындағы жауапкершілігін азайтпайды», – деді Ғани Бейсембаев.
Министрдің айтуынша, бұл жағдайға заң аясында баға берілуі тиіс, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бұған дейін Orda.kz редакциясы Алматы қаласының 33 жастағы домбыра пәнінің мұғалімі 14 жастағы оқушы қызбен бірге Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылындағы «У Розы» қонақ үйінде ұсталғанын жазған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық